«Көкжайлау» бойынша қоғамдық тыңдаудың уақыты ауыстырылды

Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Көкжайлау» тау шипажай техникалық-экономикалық негіздемесінің «Қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаудың күні, уақыты, және өтетін орны ауыстырылғанын хабарлайды.

Қоғамдық тыңдаудың жаңа күні мен орны: 4 қараша (жексенбі), 2018 ж., сағ. 10:00, «Қазақстан» қонақ үйі,  «Алтын Емель» залы, Достық даңғылы 52, кіру Құрманғазы көшесі жағынан. Қоғамдық тыңдауға қатысу үшін алдын-ала өтінімді +7 708 123-08-71 телефоны арқылы қалдыруға болады. Қоғамдық тыңдауға дайындалуға арналған басқа маңызды ақпаратты www.kokjailau.kzсайтынан таба аласыздар.

Қоғамдық тыңдауды әзірлеуші уақытша заңды тұлғалар (консорциум): ЖШС «Almaty Mountain Resorts» және Бас жобалаушы ЖШС «ГеоДатаПлюс» құрамы бірлесіп өткізеді.

«Көкжайлау» тау шипажай техникалық-экономикалық негіздемесінің «Қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімі мен «Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ҚММ www.almatytourism.kz және «Almaty Mountain Resorts» ЖШС www.kokjailau.kz ғаламтор парақшаларында таныса аласыз. «Көкжайлау» тау шипажай техникалық-экономикалық негіздемесінің «Қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімінің қағаз жүзіндегі нұсқасымен жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280-үй мекен-жайындағы «Алматы Тауэрс» БО, Солтүстік Мұнарасында таныса аласыз, тел. +7 727 313-23-56

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдайтын Тапсырыс берушінің мекен-жайы және атауы: «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ҚММ, тел. +7 727 272-33-62, e-mail u.tourism@almaty.gov.kz

 

Бас жобалаушы «ГеоДата Плюс» ЖШС, байланыс телефоны: +7 727 262-60-27

 

Мемлекеттік сараптаманы жүргізу органының атауы: «Жобаларды мемлекеттік ведомствадан тыс сараптау» РМК.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *