КӨКТЕМГІ ЖАҢБЫР СУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ КЕРЕК

2-2Биыл Алматыда өткен жылдармен салыстырғанда қар соншалықты көп түскен жоқ. Дегенмен, шаһарда көктем шыға жаңбыр көп жауады деп болжануда. Соған орай қала әкімі Ахметжан Есімов шаһар қызметтеріне осы ақпан айының 3-інен бастап қаладағы арық желілері мен суағарларды жаңбырлы кезге дайындауды тапсырған болатын.

Міне, осыған байланыс­ты ақпан айы шығысымен-ақ қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйым­дастыруымен бұл жұмыстар өткен аптада басталып кетті. Дегенмен, бұл істерге басты жауап­кершілік аудандық әкім­діктерге жүктелген. Және арықтарды көктемге дайын­дау барысындағы бар­лық жұмысты солар атқаруы керек. Осы тұрғыда қала бойынша мың шақырымнан астам арық желілері тазартылады деп жоспарланған. Соның ішінде қала бойынша бүгінгі күнге дейін 28 шақырымдай арық желісі тазартылып үлгерген.

Әрине, көктем шығысымен қаланы жаңбыр суы мен еріген қар суы «алып» кететінін байқап жүрміз. Бірақ, биыл қалада соншалықты көп қар жоқ деуге болады. Дегенмен, алдағы жаңбырдың беті қандай болатынын ешкім де тап басып айта алмайды. Сондықтан да табиғаттың бұл «мінезіне» алдын ала дайындалуымыз қажет. Ол үшін қыс бойы іші қарға және қоқыстарға толып қалған арықтарды тазартып үлгеруіміз керек. Сондай-ақ, қайсыбір арықтардың көздері бітеліп қалып, жаңбыр суының көшеге жайылып кетуін де болдыр­мағанымыз жөн.

Естеріңізге сала кетейік, осы күні Алматыда 1000 шақырымнан астам арық жүйесі бар екен. Оның 700-дей шақырымы арнайы цементтен құйылған арық желілері болса, 300 шақырымдайы жерден қазыла салған арықтар екен. Бұл ретте соңғы 4 жылда Алматыда барлығы 150-ге жуық арық жүйесі қайта жасалған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *