Көктемгі көңіл-күй кернеді

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-прак­тикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдар­ламасының авторы Сара Назар­баеваның қатысуымен Наурыз мейрамы атап өтілді. Мерекелік іс-шара «Рухани жаңғыру: мәңгілікке бастар жол» тақыры­бында өтті. Көктемгі көңіл-күйді бейнеле­ген аула әсем безендірілген. Қаздай қатар қон­ған киіз үйлер нағыз қазақы ауыл іспетті.

Міне, «Өзін-өзі тану» колледжінің «Еркеназ» ансамблі «Көктем вальсімен» мерекенің тұсауын кесті. «Бөбек» орталы­ғының ауласында әсем әуен әуелеп, көпшілік көктемгі көңіл-күй құшағында болды. Барша қонақтарды құттықтаған Сара Алпысқызы рухани-адамгершілік, сабырлық пен таза ниет, адал еңбек, барлық жақсылық атаулы нағыз бақыттың кілті екендігіне тоқталды. Әсіресе, адам баласының қасиетті үш парызы Жаратушы алдындағы, рухани ұстаз алдындағы және ата-ана алдындағы парыз екендігін баса айтты. Сүйіспеншілік пен кешірім туралы да кеңінен әңгіме қозғаған Сара Алпыс­қызы бүлдіршіндердің мерекеге әзірлігінің де өте жоғары деңгейде екендігін айтып, риза көңілін білдірді.

Ортаға шыққан Қыдыр ата да көпші­лікке батасын беріп, келген жылдың құтты жыл болуын тіледі. Күн мен түннің теңелген, Самарқанның көк тасының еріген сәті де театрландырылған көрініс арқылы көрсетілді. Колледж оқушылары Жібек жолы бойындағы керуенді бейнел­еді. Асық ату, арқан тарту, қыз қуу, бес тас, аударыспақ, тұсау кесу сияқты ұлттық ойын түрлері де кеңінен ойналды. Ақ жаулықты әжелер ансамблі халық әнін орындап, көктемнің жылылығына жылу қосты. Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттардың ән мен күйлері орындалды.

Келесі кезекте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова сөз алып, өз құттықтауын арнады. Төңіректі әдемі әуен мен нұрға бөлеген мерекенің соңы «Ұлттар достығы» биімен аяқталды.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *