Көктем көркі – қызғалдақ

Ертең сағат 10.00-да Орталық мәде­ниет және демалыс саябағында Алматы қаласы әкімді­гінің қолдауымен «Көктем көркі – қызғал­дақ» атты фестиваль өтеді. Дәстүрге айналған шара шеңбе­рінде «Президент Назарбаев» атты қызғалдақ гүлінің жаңа түрі жұртшылық назарына ұсынылады.

Маңызды мәдени шара аясында өнерпаздар мен шығар­машылық ұжымдар­дың қатысуымен мере­келік сазды концерт, бала­лар арасында асфальт­қа сурет салу бай­қауы, шеберлік сабақ­тар, таңғажайып таби­ғат әлемімен таныстыратын өсімдік көрме­сі ұйымдасты­рылады.

Ізгі шара «Жас натуралис­тер станса­сының» ұйытқы болуымен, «Грин Ланд» ЖШС-нің демеу­шілігі­мен өткізіледі. Адам­ның көңілін көктем күйге бөлеп, жан-дүние­сін гүлдендіре түсетін бұл мәде­ни шара жасыл желекке оран­ған Алматы­ның гүл қала екендігін және қызғал­дақтың отаны – Қа­зақ­стан екендігін тағы бір дәлелдей түсетіндей…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *