«Көктөбе Opera-2018» ашық аспан астындағы музыка фестивалі

Алматыда мегаполис халқы үшін дәстүрлі мәдени шаралардың біріне айналып үлгерген «Көктөбе Opera-2018» фестивалі өтеді. Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль екі күн қатарынан – 25-26 тамыз күндері ұйымдастырылмақ.

Фестивальді ұйымдастырушы Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының хабарлауынша, опера жанрының талғампаз тың­дарманы бұл жолы кештің басты қона­ғы Винченцо Костанца­ның  өнерін тамашалай алады. Сондай-ақ, классикалық ән мереке­сінде симфониялық оркестрдің сүйемел­деуімен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының танымал солистері мен опера жұлдыздары әлемнің ең үздік композитор­ларының туындыларын тарту етеді.

Алматы қаласы әкімдігі Мәде­ниет бас­қармасы хабарлағандай, биылғы фестиваль Қала күні мерекесіне тарту ретінде арнайы ұйымдастырылып отыр. Дирижер – Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев.

Еске сала кетейік, «Көк­төбе  Opera» фестивалі алғаш Алматыда 2016 жылы әсем қаланың 1000 жыл­дық мерейтойына орай шымыл­дығын ашқан болатын. Содан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан фестиваль өнер шыңы – опера тыңдарманының сүйікті мерекесіне айналды.

Алматылықтар мен қала қонақ­тары Лиссабондағы «Сан-Карлуш», Модендегі Лучано Паваротти, Неапольдағы «Сан Карло» театрларының солисі Алехандро Рой, Винченцо Костан­ца сынды саңлақтардың өнеріне тәнті болған. Сонымен қатар, фестивальда ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреа­ты Талғат Күзенбаев, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Бас­пақова, Гүлзат Дәуір­баева, Оксана Давы­денко, Дана Таласбекова, Қайрат Өмірбеков, Венера Алпыс­баева, Александр Сметанин, Эмиль Сакавов және Елена Никонова сынды халық­аралық конкурстар­дың лауреаттары өнер көрсетіп келеді.

Биылғы кеште де Абай атын­дағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық опера және балет театры­ның әйгілі солистері негізгі композицияларды орындайды.

Дирижер Алан Бөрібаев клас­сикалық музыка мерекесіне қатыс­ты БАҚ-қа берген сұхбатының бірінде Көктөбеде өткізіліп келе жатқан фестиваль көрерменге дүниежүзілік деңгейдегі өнер ордаларының шығармашы­лығын жақын таныстыратынын атап өткен еді.

«Мен бірқатар мемлекетте та­биғат аясында өткізілген концерт­терде дирижерлік еттім. Тынық мұхитының жағалауында Австра­лияда өткен сондай бір керемет концерт әлі есімде. Көктөбедегі фестиваль тыңдарманға дүние­жүзілік деңгейдегі өнер ордасының шығармашылығын жақын таныс­тырады», – деді Алан Бөрібаев.

Фестиваль кешкі сағат 20.00-де басталады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *