КӨКЕЙГЕ ҚОНЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР

Ақан БИЖАНОВ,

Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры,

саяси ғылымының докторы, профессор

 

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың  республика халқына Жолдауында ұлттық мәдениет негізінде қазақстандық қоғамды  реформалауды жаңғыртуды одан әрі жалғастыратындығы баса айтылды. Сондықтан алдағы уақытта еліміздің ұлттық бірегейлігін қалыптастыру мен дамыту өте маңызды.

Жолдауда  еліміздің  одан әрі даму барысына орай нақты тұжы­рымдары анық көрсетілген. Бұл тұрғыда алға қойылған мін­деттерді атап өтсек, онда көр­се­тілген  жалпы  қоғам мен   рес­пуб­ликадағы демократиялық үрдіс­тердің кеңейе түсуіне, мемле­кеттік басқару органдарын дамы­туда жауапкершілікті арттырудың  алғышарттары айқын көрсетілген.

Халықтың әл-ауқатын арт­тыру, әлеуметтік жағдайды жақ­сар­тудың ғылыми негіздеріне үңіліп,  бағдарламалық құжат­тарда сындарлы  сараптама жасау негізгі міндет ретінде танылды.

Демек, елімізді әлеуметтік-эко­номикалық дамудың жаңа сапалы  деңгейіне  шығару Мемле­кет басшысы саясатының заңды  бағыты  және  республикамыздың тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістігінің саяси-әлеуметтік реформасының сабақтастығы саналады.

Жолдауда айқындалған негізгі мақсат – шынайы жағдайды ескере келе мемлекетіміздің мүм­кіндігін саралай отырып, елімізді кезең-кезеңімен, біртіндеп дамы­туды жүзеге асыру  шарасы  саясаткер ретінде  менің көкейіме қонады.

Тиісінше, Жолдауда атап көр­­сетілгеніндей, биліктің халық­пен тиімді әрі тұрақты диалогта болуы, азаматтық қоғаммен бел­сенді ара­ласуды арттырып, яғни әр­дайым байланысты нығайту мақ­сатында, қарапайым адам­дармен тікелей қатынаста болу мүмкін­дігін жасап, заманауи цифр­лық коммуникацияның  тиімділігін пайдалана отырып, сонымен қатар өзара іс-қимылды артты­руда ашық алаңдарды құру қажет.  Мемлекет тұрақты түрде жұмыс істейтін, жаңадан құрылған Ұлт­тық кеңес қоғамдық сенім  ұйы­мына үлкен үміт артады.  Қоғам­дық сенім артқан ротациялық механизм арқылы Ұлттық кеңес  мүшелеріне мемлекет басшылығы жұртшылықтың әр түрлі саладағы өкілдерінің пікірлеріне құлақ асып, әр аймақтағы әрқилы  ойла­рына және саяси көзқарас­тарына  назар аударады. Сондай-ақ, бұл алаң жұртшылықтың  сан алуан  қоғамдық  пікірлері мен  инновациялық идеяларына назар аударып,  қоғамның алдындағы маңызды мәселелерді шешуге жол ашады. Осыған орай Мемлекет басшысының ұсынуымен азамат­тардың ұсыныс-пікірлерін қабыл­дап, жұмыс істеу үшін арнайы кеңсе құру қарастырылды. Бұл механизм қоғам тарапынан көте­рілген сауалдарға тікелей жауап алып, осы арна арқылы тікелей өзара әрекет жасауға мүмкіндік береді.  Осы арқылы көбінесе қара­пайым азаматтарға мемле­кеттік органдар тарапынан орын алатын «соқыр, керең» боп қала­тын бюрократизмнің, төрешіл­діктің тамырына балта шабуға болады.  Президент мемлекет халық билігі институтын жүзеге асыратын, онда азаматтық қоғам өзінің ой-пікірін заңды түрде еркін жеткізетін орын  болуы тиіс деп санайды. Сонымен қатар, жұртшылық бейбіт митингілер өткізуге, ашық үндеулерін жеткі­зуге  құқылы. Осыған байланысты өзінің Жолдауында  жергілікті биліктің  органдарына азамат­тар­дың ұсынысын қабылдап, қоғам­ның ерік-жігерін іске асыруға мүмкіндік жасауды тапсырды.

Жолдауда биліктің барлық деңгейінде тәртіп пен жауап­кершілікті жүзеге асыруға  маңыз берілген, солардың қатарында:

– Жемқорлық қылмыс орын алған жағдайда сол мекеменің  басшысы  жауапты болады;

– ауыл шаруашылығы жер­лерін тиімді пайдалану мәселе­сінде  реттілік пен тәртіп орнату;

– полиция реформасы;

– жергілікті биліктің  жұмы­сының тиімділігіне халықтың баға беруі  жүйесін енгізу.

Президент өзінің Жолдауында  экономикалық мәселелерге қатыс­­ты бірқатар жәйттерді, атап айтқанда, экономиканың шикі­зат өндірушіден білім эконо­микасы және инновация сала­сына өтуге орай бастама көтеру тұрғы­сын­дағы  ұсыныстарын қадап айтты.  Мемлекет басшысы экономи­каның жекелеген кейбір салала­рына  монополиялық қыз­мет пен бағаның өсуіне алаңдау­шылығын білдірді. Осыған байла­нысты шағын бизнеспен айналы­сатын компанияларды  үш жыл мерзімге салықтан босату туралы, сондай-ақ,  осы субъек­тілерді  үш жыл бойы тексеруге мораторий жария­лаудың заңдық негізін жасақ­тауды тиісті орындарға тапсырды. Алайда, бұл кәсіпкер­лердің заңды бұзып, еркінсуіне жол бермесе керек. Олардың үстінен шағым түскен жағдайда қадағалау, тексерулер болады.

Елімізде жерді сату деген  мәсе­леге орай қоғамда әрқилы пікірлер орын алды. Президент осыған орай шетелдіктерге жер сатылмайды деп  тағы бір мәрте қадап айтты. Алайда,  елімізде жер ресурстарын тиімді әрі сапалы пайдалану қажеттігіне тоқталды.  Егер жер  латифундистер тарапы­нан тиімді пайдаланылмай, оны тоздырып, коррозияға ұшыратып жатқан жағдайда ол кері қайта­рылып алынады да, шаруашылық айналымына қосылады. Сондай-ақ, ауыл маңындағы, көптеген елді-мекен төңірегіндегі жерлер кейбір жекелеген байшыкеш­тер­дің қолына өтіп, онда ауыл тұр­ғындары малдарын жаятын жер таппай, тығырыққа тірелу жағ­дайлары жиі ұшырасуда. Бұл да Жолдауда айтылғанындай, оң шешімін табуы тиіс.

Халықты әлеуметтік қолдау мақсатында Президент 2023 жылға дейін зейнетақы қорына қосымша  5%  көлемінде қосым­ша зейнетақы  аударымын кейінге қалдыруды ұсынды.  Белгілі болғанындай,  Мемлекет басшысы қатысқан Тамыз мәслихатының қорытындысы бойынша, алдағы жылдың басынан бастап мұғалім­дер еңбекақысы 25%-ға өседі. Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 қаң­тарынан Қазақстанда  міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру жүйесі іске қосылады. Бұған қоса  міндетті әлеуметтік тегін медициналық  көмектің кепілдік көлемі сақталады. Халықты әлеу­меттік қолдау үшін белгілі мөл­шерде  мүмкіндік бар. Айталық, 2018 жылы мемлекеттік сатып алу деңгейі 4,4 триллион теңгені құ­раса, соның 3.3 триллион теңгесі (75%) бәсекеге қабілетсіз әдіспен бір ғана көзден жүзеге асырылған.  Президенттің есебі бойынша, осындай  сұғанақтардың інін бітеген жағдайда  әлеуметтік көмек көрсетудің мемлекеттік резерв көздерін ашуға болады. Халықтың әлеуметтік тұрмыстық деңгейін көтерудің екінші бір жағы, жұмыс істейтін азамат­тардың белгілі бір зейнетақы қорын  мақсатты түрде  пайда­лану шарасына, айталық, тұрғын үй сатып алу үшін  немесе білім алуға жұмсауға болады. Осы мәсе­лені іске асыру бойынша Үкіметке нұсқау берілгені белгілі.

Мемлекет басшысы өз Жол­дауында сонымен қатар, әйтеуір реформа жасау үшін реформа қажет деген секілді  келеңсіз жәйтке жол беруге болмайтынын ескертті. Оның пікірінше, минис­трліктер мен ведомстволардың атқарған істерінің көрсеткіші  белгілі бір учаскенің  жұмысында нақты бір нәтижеге қол жеткізуіне қарай бағаланады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы және басқа да  нұсқаулары мен тапсырмалары көрсеткеніндей, біздің еліміз  мақсатты және сенімді түрде демо­кратиялық даму мен  құқық­тық және әлеуметтік бағытқа бет алған мемлекет құру жолына түскенін  айғақтайды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *