Көк-Төбедегі өрт ауыздықталды

Қала әкімі өрт болған жерге келді

Бүгін Көк-Төбе тауының оңтүстік-батыс баурайында үлкен өрт болды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға қаланың өртке қарсы негізгі күштері жұмылдырылды.

Атап айтқанда, ТЖД-ның жеке құрамының және коммуналдық қызметтердің 1500-ден астам қызметкері, 70 арнайы техника өртпен күресті. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өрт болған жерге барып, ІІМ және Қорғаныс министрлерімен сөйлесті.

— Оқиға болған жерге келдім. Қазіргі уақытта 10 гектар аумақтағы өрт ауыздықталды. Жағдай бақылауда. Қалаға төнер қауіп жоқ. Өртке қарсы қызмет күші қарауылдау режиміне өтті, — деп жазды шаһар басшысы өзінің Инстаграмм әлеуметтік желісінде.
Өрттің себебін анықтау үшін қылмыстық іс қозғалмақ екен. Қала әкімі өрт сөндіруге қатысып, ерлік танытқан, тілсіз жауды қалаға өтіп кетуіне жол бермеген барлық жандарға алғыс білдірді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *