КӨК БАЙРАҚ КӨКТЕ ШАЛҚЫДЫ

Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президент­тің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш жалпыха­лық­тық сайлау өтіп, егемен Қазақстан негізін салған Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңін­де сенімді басшыға өз тағдырын тапсыр­ған Қазақстан халқының жауапты таң­дауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыпта­сып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлеке­тіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.

Қазақстан – өңірдің өзегі саналатын ел. Өзінің тату көршілік саясаты арқылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев респуб­ликаның Орталық Азиядағы тұрақтылық факторына айналуы үшін айтулы үлес қосты. Қазақстан Орталық Азиядай мықты өңірдегі тұрақтылықтың ошағы болып отыр. Мұның экономикалық, мәдени және саяси салаларға қатысы бар. Президентіміз көпжақты ынтымақтас­тықтың дәйекті жақтаушысы болып табылады, бұл ынтымақтастық Қазақ­станның нысаналы күш-жігерінің нәтижесі де ойдағыдай дамып келеді.

Бұл табыстарға қалай қол жетті?

Оған Қазақстан Президентінің арқа­сында, республика Үкіметінің қазақ­стандық және шетелдік жеке меншік сектормен жұмыс істей білуінің арқасын­да, барлық қазақстандықтардың қажыр­лы еңбегінің арқасында қол жетті. Халқымыздың көркіне қарап көз тояды, еліміздің даму қарқынына қарап үлкен әсер аламыз. Бұл еліміздің Тұңғыш Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшы­лығымен аса көрнекті табыстарға жеттік. Оның әлемдегі энергия ресурстарын өндірушілердің көшбасшысы ретінде таяу уақытта жаңа биіктерге жететініне ешқандай күмән жоқ.

Н.Назарбаев қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық. Ендеше, Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

 

Урхия ПОЛАТОВА,

№112 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

Жемісті жылдар жаңғырығы

 

Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар легі Жетісу ауданындағы №103 мектеп-гимназияда аса ұйымшыл­дықпен әрі жан-жақты дайындықпен өтіп жатыр. Мектеп кітапханасында дара тұлғаның өмір жолы, ел Тәуелсіздігіне қол жеткен жылдардағы еңбегі туралы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Әрбір сынып оқушылары Елбасының балалық шағы, саясаттағы озық ойлылығы мен кемеңгер көшбасшылығы туралы шығармалар жазып, мектепішілік байқауға ұсынды.

«Ел тірегі – Елбасы» атты танымдық сынып сағаттары мен әдеби-сазды кештер де Н.Назарбаевтың өмір жолы мен қызметіне арналды. Оқушылар арасында қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Оқушылар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы­ның еңбектері туралы, әр жылдардағы халыққа арналған Жолдауы тұрғысында өз білетіндерін дөңгелек үстел барысында ортаға салды. Елімізді әлемге танытқан Елбасының қажырлы еңбегін әрбір жастың біліп өсуі парыз.

 

Нұржамал БАТЫРХАНОВА,

№103 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *