Күйші қонаққа келді

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарла­масын  жүзеге асыру барысында, ұлттық құндылықтарды насихаттау  мақсатында бағытымыз белгілі. Ел ішінде  аты аталмай, еңбегі еленбей, құрметке бөленбей  жатқан азаматтарымыз  көп-ақ.  Елбасымыздың «100 нақты  қадам» бағдарламасының  аясында Медеу аудандық білім бөлімінің басшылығымен болашақ ұрпаққа  қасы­мызда  жүрген,  үлгі  тұтатын азаматтары­мызды таныстырып, үлгі аларлық еңбек­терін дәріптесек деген ниетпен №172 мектеп-гимназиясының әкімшілігі және 7-сыныптардың ұйымдастыруымен «Үлкен­дер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты кездесу  кеші өткізілді. Ол кештің тақырыбы да ерекше,  барысы да ерекше. Себебі, өзінің ерен  еңбегімен  бүкіл  Қазақстанға атақты күйші, композитор Шәміл Әбілтай мектебімізге қонаққа келді.

Шәміл Әбілтай – күйші, композитор. Атырау  облысы, Толыбай  құмындағы  Қарақызыл  қыстағында туған. Құрманғазы  атындағы  Мемлекеттік  консерватория­сында  Қ.Жантілеуов пен Қ.Мұхитовтың  домбыра класын бітірген. 1994 жылдан  Құрманғазы  атындағы халықаралық қор­дың президенті. Күйші  болып қалыптас­уына  алдымен  әкесі Әбілтай, одан соң Көшелі, Кәміш, Серікбай  сынды күйшілер ықпал еткен. Ол «Заман-ай», «Домалақ ана»,  «Шақшақ  Жәнібек» сынды күйлері­мен қоса, «Күй ата», «Ордабасы», «Аңсау», жолдасы Өрікгүлге  арнаған «Өрікгүл» тәрізді  көптеген  әндерімен  жұртшылыққа  жақсы  таныс   тұлға.

Кеш Халықаралық, Республикалық байқаулар  жеңімпазы атанған, мектебі­міздің «Мұрагер» сынып оқушылары «Мың бала»  домбырашылар  оркестрінің орын­дауындағы Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйімен ашылды. Әсем әуеннен кейін Шәміл ағамен жақынырақ танысу үшін «Сыр-сұхбат» айдары ұсынылды. Оқушыларды қызықтырған сұрақтар қойса, қонақ сұрақтарына мәнді де, қызықты жауаптар қайтарды. Сізден үйренеріміз, алар үлгілеріміз көп дей келе «Қонақкәде»  сұрады. «Әсем әнмен тәтті күй» демекші, Шәміл аға әндерімен, күйлерімен құлақ құрышын қандырды.

Шәміл ағайдың кішкене бала күнін еске түсіріп, «Тайм-аут» ойыны ойнатылды. Қызықты сұрақтар қойылып, жұмбақ шешіліп, сиқырлы қаламға ие болды. Би биленіп, ән салынып, одан әрмен кешті қыздыра түсті. Бір нотаға қарамай күй ойнау тек қазақ халқының қолынан келетін, теңдесі жоқ шеберлік. Күй тарту­дың небір түрлері бар екенін біле келе күй өнерінен үлгі алып келе жатқан 7 «а» сынып оқушысы Жәңгір  Нұрмолдаев Шәміл ағаймен күй тартысып, «Күй тартыс» нәтижесінде үндестік, ұйқастық, ағалық-інілік сыйластық жеңіп, Жәңгірмен қол алысып, ақ батасын берді. №172 мектеп-гимназия басшысы Т.Қазыбаев сөз алып, Шәміл ағаға өз ризашылығын біл­дірді. Алдын-ала Шәміл аға туралы дерек­терді жинақтап, қызығушылық танытып жүрген мектебіміздің талантты, әрі  өнерге қызыққан оқушыларының бірі Мағжан Сүйеш «Арнауын» орындады.

Шәміл ағай да үлкен сыйымен келіпті. Ол әлі ешкім естімеген, жазылмаған, сиясы кебе қоймаған, бүгін алғаш  рет №172 мектеп-гимназиясында «Медеу» әнінің  тұсауын  кесті.  Оқушылар жаңа туын­дының куәсі болды. Ыстық ықылас, тілек қонақтан демекші, аға  өзінің жолын қуып келе жатқан жас өрендермен, өніп-өсіп келе жатқан жастарға  жылы лебізін білдірді. Алтындай уақытын  бөліп және керемет  туындыны  паш еткен күйшіге ыстық ықыласымызды білдіріп,  Диана Қашқынбаеваның «Туған елге» әнімен   кешімізді  аяқтап, тарастық!

Гүлдана САҚЫБЕЛОВА,

№ 172 мектеп-гимназиясы 7 «а» сыныбының сынып  жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close