Көңілі қаяу балалармен кездесті

Депутат-ана «Кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау» орталығында болды

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Аналар кеңесінің» төрайымы, «Ильдаш» Татар гуманитарлық даму орталығының төрайымы Нурия Ниязова Алатау ауданындағы балалар үйіне, басқа да әлеуметтік мекемелерге барып тұруды, ауданның әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысуды дағдыға айналдырған. «Nur Otan» фракциясының мүшесі Нурия Исмагилқызы партияның Алатау аудандық филиалында Партиялық Бақылау комиссиясы төрайымы қоғамдық қызметін де қоса атқарады.

 Нұрлан СҮЙІН

Нурия Ниязова  Алатау ауда­нында орналасқан қалалық «Кә­мелет­ке толмаған­дарды уақыт­ша ұстау» үйінде болып, отбасылық әлеуметтік жағдайларға байла­нысты уақыт­ша балалар үйіне орна­ласты­рылған (белгілі мер­зімге) бала­лармен кездесті. Наурыз мейрамы аясындағы кез­десуге депутат-ана көңілі қаяу балаларға біраз сый­лықтар ала келіпті. Түрлі ойын­шықтар, қабілетін дамытатын ойындар, кітаптар қолына тиген балалар халық қалаулысына рахметтерін айтты. Орталық басшылығы мен тәрбиешілері де мәслихат депутатына дән риза.

Жалпы, әлеуметтік мекеме барлық жа­ғынан толық қамта­масыз етілген. Бала­лардың ой-өрісін дамыту мақсатында апта сайын шахмат ойынын үйретуге шах­мат­шы-жаттықтырушылар келіп тұрады екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *