Ұйымшыл ұжым

Алматы қаласы Түрксiб ауданы «Жұлдыз» ықшамауданындағы №20 емханадағы барлық медицина қызметкерлерi, кiшi қамтушы қызметшiлер бүгiнгi күннiң талаптарына сай халыққа қызмет көрсету жұмыстарын тиянақты атқаруда. Ауырып барғанымызда, немесе дәрiгерлерге емделуге, қаралу кездерiнде ақ халатты абзал жандардың айтқан сөздерi, анализдер тапсырғандығы жұмыстарға дән риза боламыз. «Ауырып ем iздегенше, ауырмайтын жол iздеңiздер» деген ақыл-кеңестерi бiздерге бiр жылдық азықтай болады.

Сонымен қатар, дәрiгерлiк амбулаториялық карточка ашар кезде және аларымызда бiздердi үнемi жылы жүздерiмен көңiлдi күлiп қарсы алатын тiркеу бөлiмiндегi Рима Маутханова, Ғабида Шапрашова, Гүлнұр Қабашева, Бәтес Оразалиева т.б., медицина қызметкерлерiне алғысымыз шексiз. Ал, терапевт бөлiмiндегi дәрiгер, медбике Г.Аккасова, В.Бужбаева, Сәдуакасова т.б., ханымдардың қабақ шытып немесе дауыс көтерiп, бюрократтанып жауап бермеген кездерiн кезiктiре де, көре де алғамыз жоқ.

Осы №20 емхананың бас дәрiгерi, медицина ғылымдарының кандидаты Қ.Игiсiнова, емдеу жөнiндегi орынбасары Гүлнәр Қашбекова жолдастарға деген тiлегiмiз бен алғысымыз, рахметiмiз өте шексiз. Осы ұйымшыл ұжымның барлық медицина қызметкерлерiн алдағы келе жатқан 22-наурыз ұлыстың ұлы күнi мейрамымен қызу құттықтай отырып, еңбектерiне шығармашылық табыс, жанұяларына береке-бiрлiк пен мықты денсаулық тiлеймiз!

Сәдуақасовтар отбасы,

Алматы қаласы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *