«Әйтеке би» дастаны жарық көрді

Қазақ хал­қы­ның келешегіне кенен ақылын сауған данышпан, ел мұратына ғұмы­рын сарп еткен әулие бабамыз­дың бірі – Әйтеке би бабамыз. Тұтас ұлттың тарихына айналған    ұлық би – Сейітқұлдың сегіз ақтығының бәрі өз ортасына танымал болған тұлғалар.

Олардың ара­сында ұлы Тұран өлкесінде билік құрған ең құрметтісі – Жалаңтөс баһадүр мен Әйтеке би. Жалаңтөс Самарқанд, Бұқар, Герат өлкесінде билік жасап, даңқты қолбасшы болғаны ақиқи тарихи мәні бар құндылық. Оның соңында Самарқандта ғаламдық мәдениетке зор үлес болып қосылған Шердор, Тілләқари алып ескерткіші бар. Әз-Тәукенің әкесі Салқам Жәңгір жоңғар шапқыншылығын тойтармақ боп, қиын шатқалда шайқас салғанда, соңынан жиырма мың қол жіберіп, жеңіске жеткен Жалаңтөс баһадүрдің тарихта алар орны зор. Ал Әйтеке би бабамыздың ұлт болып ұысуымыздағы еңбегі орасан. Олардығ бәрі тарихи жадымыздан өшпейтін мұра. Олардың атын ұлықтау, бастарына ұлттық тарихымыздағы асқаралы орнына лайықты ескерткіш орнатып, оны халқымыздың мұрасына айналдыру біздің асыл парызымыз болмақ. Ұлттық рухымыздың ұйытқысы болған ардақты арыстарымыздың атын ұлықтап, даңқын асырып, перзенттік парызын өтеп жатқан азаматтарымыз да бар.

Ел тарихын құрметтеп, ел бірлігін қастерлеген сондай азаматтарымыздың бірі – ҚР мәдениет қайраткері, ақын, жыршы Сардарбек Қожағұлдың жақында «Әйтеке би» жыр-дастаны жеке кітап болып жарық көрді. Дастанда Әйтеке бабамыздың ғұмырнамасы, заманы мен замандастары шығарманың өмір арқауына айналған.

 

Азат ҮСЕН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *