ӘЙЕЛІНДЕ АДАЛДЫҚ БОЛМАҒАН ОТБАСЫНДА, ӘЙЕЛІ ЖАУАПСЫЗ БОЛҒАН ҚОҒАМДА БЕРЕКЕ БОЛМАЙДЫ

«Сана тазармай, қала тазар­майды» деген айдар «Алматы ақшамында» тұрақты көрініп келеді. Осы ойлы сөзді кімдер оқиды, әрине көбінде зей­неткерлер, жасы ұлғайған қауым.

Ал Алматы таза қала болу үшін кө­ше­­лерде қолына кілтін селкіл­детіп ұстап, ашық  жы­ныс­­тық қатынасқа шақырып тұрған қыз-келіншектер көбінде өзіміздің  қаракөздер, солардан құтылу керек. Ойлап қарасаң Батыс біздің бар асыл қасиетте­рімізді ұрлап алып, бізге өзінің керек емес дүниесін әкеліп тықпалап жатқандай көрінеді, солай да. Біз өзіміздің жақсы, саналы әдет-ғұрыпта­рымызға, салт-дәстү­рі­мізге емес, өзгенің жаман қалдықтарын қабылдап, соның әдепсіз әлеміне еліктеп жүрміз. Бұл реттен келгенде бүгінде еркектерден гөрі әйелдер (қыз-келіншектер) батысқа көп еліктеп кеткендей. Әйелінде адалдық болмаған отбасында, әйелі жауап­сыз болған қоғамда береке болмайды.  Осыны ескермей барамыз. Таяуда осы мәселе төңірегінде көрнекті жазушы Смағұл Елубай «Алматы  ақшамында» (15.04.2017) тебірене жазыпты. Бізде түнгі клубтар көп. Біле білсең, сол жерде алкоголизм, наша­қорлық бар, сол жерде гомосексуализм бар, сол жерде қызтекелік бар, сол жерде жезөкшелік өршіп тұр. Бір сөзбен айтқанда, барлық қылмыс сол жерде.

Ұл-қыздарымызды азғындатып жатыр. Бү­кіл әлемді шарпыған осы қылмыстың біреуі де бізде болған жоқ еді ғой?

…Біз тек ұрлық пен кісі өлтіруді ғана қылмыс деп санайтындаймыз. Өздерінің міндетті істерін дұрыс істей алмаған шенеу­нік­тердің ісі де қылмыс  емес пе?! Кейде біздің кейбір шенеу­ніктердің тұла бойы жаман әдет қы­лық­тарға тұнып тұрғандай көрінетіні бар. Идеология көп жылдық бодандық, құлдық заманнан шыға алмай жатыр, көп адамның санасы сатқындықпен уланған. Қызғаныштың қызыл иті ішін өртеген қорқаулар асы­лыңды да, ардағыңды да отқа итере салудан тайынбайды…

Айтса айтқандай-ақ қой.

«Сана тазармай, қала тазармайды» деп бастап едік, әрине Алматыда немесе басқа қалаларда тұратын азаматтар өз қаласының таза болғанын көргісі келеді, құптайды.

Негізінде адамгершілік, ұят, намыс болғанда ғана сана мен қала таза болады! Міне, осы ар жолындағы күрес қалып барады ғой.

 

Қасымхан НҮСІПҚОЖАҰЛЫ,

зейнеткер.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *