«Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі»

 

Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйым­дасты­руымен Жамбыл атын­дағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай  «Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты іс-шараға көпбалалы аналар, соғыс және еңбек ардагерлерінің жұбайлары, этно-мәдени бірлес­тіктер­дің өкілдері, соғысқа қа­тысу­шылардың жесірлері, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау ұйым­да­рының, өнеркә­сіп кәсіп­орындарының әйел басшылары, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қыз-келіншектер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ  ел экономикасының түрлі салаларының дамуына елеулі үлес қосқан 700-ге жуық аяулы жандар шақырылды. Ізгі шарада нәзік жандарға Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы мен қазақ­стандық эстрада жұлдыздарының қатысуы­мен мерекелік концерт ұсынылды.

Салтанатты жиында Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев Елбасы Н.Ә.На­зарбаевтың Жарлығымен марапатталған  бірқатар көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері мен аудан­ның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан әйел-аза­мат­шаларға мақтау қағаздарын табыстады.

 

Айгүл ОРАЛБЕКОВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *