Әйелдерге арнайы автотұрақ

1314Мәшинеңізге «әйел туфлиін» жапсырып қойғаныңызбен, ол сізді жолдағы жауапкершіліктен бәрібір құтқармайды. Автомобиль сарапшылары мен психологтары әлдеқашан осындай шешімге келген. Сонымен қатар, олар рульдегі нәзік жыныстылардың көбірек қателіктер жіберетінін де мойындады. Ұлыбританиядағы бір кепілдендіру компаниясы жолдарда әйел жүргізушілерге бөлек жолақ жасау керек деп шешіпті. Мұндай шешім әйелдердің қауіпсіздігін күшейтіп, жол ережесін бұзуды азайтады деп ойлайды сарапшылар.

Сондай-ақ, идея авторлары арнайы жолақты алқызыл түске бояғанды жөн көріпті. Тіпті, аталмыш компания бұл жобаға кететін шығынды да есептеп қойған. Ұлыбританияда идеяны жүзеге асыру үшін 880 миллион фунт жұмсамақшы. Сондай-ақ, олар бұл мәселе бойынша халықаралық деңгейде арнайы форумдар өткізіп, көпшіліктің назарын аудармақшы.

Қытайдың Далянь қаласындағы сауда орталығы әйел жүргізушілерге арналған автотұрақ ашқан. Мұнда да орындар кеңейтіліп, алқызыл түспен боялған. Сауда орталығының өкілдері мұндай тұрақ ашуының себебін, әйелдер көбіне көлігін автотұраққа қоюда проблема туғызады деп түсіндіреді. Мұндай автотұрақтар Оңтүстік Кореяда, сондай-ақ, басқа Еуропа елдерінде, оның ішінде Германияда бар екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *