ӘЙЕЛДЕР ЖӘБІР КӨРГЕНІН АЙТУДАН ӘЛІ ДЕ ЖАСҚАНАДЫ

%d3%99%d0%b9%d0%b5%d0%bb3

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Қазіргі таңда  әйелге зорлық-зомбылық, балаға қатыгездік көр­сету – әлі де тыйылмай отыр­ған әлеу­меттік күрделі мәселе. Ша­ңы­рақ­тағы ұрыс-жанжал, әйел мен бала саудасы, педо­филия – мұның бәрі де әлем бойынша көрініс тауып отырған маңызды тақырып екендігі де ақиқат. Оған қарсы күрес іс-ша­ралары да күн тәрті­бінен түскен емес.

Қазақстанда сонау 1999 жылдың өзінде-ақ Елбасының бастамасымен ішкі істер органдарының құрамында, аудандық деңгейге дейін әйелдерді зорлық-зомбы­лықтан қорғау бойынша арнайы бөлімше­лер құрылған болатын. Қазақстан бұрынғы кеңестік аумақта осындай бөлімше құрған жалғыз мемлекет болып табылады.

Алматыда гендерлік саясат тақыры­бы шеңберінде тренинг өткізген «БҰҰ-әйелдер» құрылымының сарап­шысы, экономика ғылымының кандидаты Әлия Ілиясова мен ҚР Ұлттық эконо­мика министрлігі Статистика жөніндегі комитеті Әлеуметтік және демо­гра­фиялық статис­тика басқармасының бас сарапшысы Айнұр Досанова біраз жайтты тарқатты.

– «БҰҰ-Әйелдер» бізге әйелдер мен ерлердің құқық­тары мен мүмкіндіктерін кеңейту, бала туу жасында­ғылардың ден­­сау­лығын нығайту, тұрмыстық зор­лыққа қарсы тұру секілді мәселелерді оң шешуге көмектеседі, – деді олар.

Қазақстанда зорлық-зомбылыққа ұшы­раған әйелдер саны: 2011 жылы – 78 503, ал 2016 жылы – 124 298. Байқап отыр­ғандарыңыздай, екі аралықтағы көрсет­кіш едәуір өсіп кеткен. Бұл ресми деректі сарапшы Әлия Ілиясова келтірді.

Өкінішке қарай, біздің елде тұр­мыстық ұрыс-керіс жеке бастың жағдайы ретінде ғана қаралып, көбіне ерлі-зайыптыны тату­ластырумен тә­мам­­далады. Тату­ласудың ертеңі – тағы таяқ жеу. Әйелдер, әсіресе, қазақ әйелдері жәбір көргенін, таяқ жегенін айтудан әлі де жасқанады, ұят санайды.

Психологтардың айтуынша, егер ер адам бір рет қол көтерсе, ол бұл әрекетін міндетті түрде қайталайды. Тіпті, себепсіз таяқ жейтін әйелдер де көп көрінеді. Күйеуінен теперіш көретін әйелдер үнемі қорқыныш пен күйзелісте күн кешеді екен.

Ал отбасындағы сол зорлықты жиі көре­тін баланың халі нешік? Оны да айтайық: ондай жеткіншек өз қатар­лас­тарына қарағанда жалтақ, қорқақ, тез шар­­шайтын, күйзеліске ұрынғыш, өзін төмен бағалайтын, агрессияға бейім болып өседі. Енді мына мәліметке назар ауда­­рыңыз: ата-ананың агрессиясынан бала­ның агрессиясы он есе күшті бола­тын көрінеді. Яғни ұрыс-жанжалды көріп өскен бала әкесінен он есе ашу­лан­шақ, он есе қатыгез болып шығады деген сөз.

Сондықтан еліміздегі «БҰҰ-Әйел­дер» құрылымы да зорлық-зомбылық құрбанда­рына (оның ішінде балалар да бар) қолдау көрсету шараларына, тұр­мыстық-отба­сылық құқықбұзушы­лықтардың алдын алу және кеңес беру, сарапшылық көмек көрсету, аймақтарда түрлі іс-шаралар өткізу бойынша жұмыстарға белсенді қатысуда.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *