ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ҮМІТКЕР БОЛУЫ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖАҒДАЙ

Людмила МАРКИНА,

Орлов облысы сайлау комиссиясының төрайымы

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы елді басқарған бір ғана президент болды. Егемендікке қол жеткізгелі Нұрсұлтан Назар­баевтың жүргізген билігінен өзгені көрмеген халық Елбасынан кейінгі Қазақстанның хал-ахуалын әр түрлі болжауда. Дегенмен, халықтың ұстанымы әрі тілегі – тыныштық, бейбіт­шілік, татулық. Бұл сайлау – мемлекеттің тағдыры шешілетін сайлау болды. Сондай-ақ, бұл саяси науқанның бұрынғылардан өзгерек екенін білеміз. Біріншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев сайлауға түспеді. Екіншіден, тұңғыш рет әйел кандидат саяси додада бақ сынады. Президенттік сайлауда тұңғыш рет әйел адамның үміткер болуы сирек кездесетін жағдай. Әрине, бұл – әлемдік тәжірибеде қалыпты про­цесс болғанмен, Орталық Азия елде­рінде сирек кездеседі. Бұл ретте Дания Еспаеваның түсуі – сайлау көркін қыздыра түскендей.

Өз басым Алматыдағы оннан астам сайлау учаскесінде болдым.  Қала тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуі жоғары деңгейде болды. Елде сайлауға дайындық және оны өткізу жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын байқадым. Сайлау учаскелері сайлау заңнамасына сәйкес жабдықталып, дауыс берушіге өз таңдауын жасауға бар мүмкіншілік жасалған. Сайлау учаске­леріне келген сайлаушылардың қай-қайсысы болмасын, кімге дауыс береті­нін білетінін байқадым. Ал сайлау­шының аты-жөні тізімнен табылмаған жағдай болса, мәселе дер кезінде шеші­ліп жатты. Ең бастысы, сайлау жақсы ұйымдастырылғандықтан бірқалыпты өтті деп ойлаймын.

Сонымен қатар, барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі аза­маттардың сайлау құқықтарын қамта­масыз ету мақсатында аудиоформаттағы әдістемелік құрал, нашар көретіндерге арналған арнайы үлкейткіштер және тағы басқа да қажетті құрал-жабдық­тармен қамтамасыз етілгені қуантты.

Жалпы, қаладағы сайлау науқа­нының мереке ретінде өтіп жатқанын байқадым. Кезектен тыс президент сайлауы еркін және ашық, елдің ұлттық заңнамасы және халықаралық сайлау талаптарына сай, демокра­тиялық жағ­дайда өтті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *