Үйде отырып сурет салайық

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Қазақстанда сурет салудан «Жануарлар – менің достарым» атты республикалық балалар байқауы басталды. Оған 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады.
– Конкурс өткізу идеясын балалардың өздері карантин басталмай тұрып ұсынған. Неге десеңіз, олар үлкендердің үй жануарына қатігездік танытып, жабайы табиғатты мақсатсыз жою әрекетіне бей-жай қарамайды, тіпті көбіне жүректері ауырады. Осы орайда аталған байқау жас буынның дүниежүзілік биологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселесіне қатысты жеке пікірін білдіруге мүмкіндік беріп, карантинде отырған уақытты пайдалы өткізуге көмектеседі, — дейді бастама иесі ҚР Бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Сайын.
Бұл қазіргі төтенше жағдай уақытында, яғни карантинде үйде отырған балаларға уақытын тиімді пайдалану үшін өте бір оңтайлы шара болып тұр.
Балалар өз шығармаларында көркем сурет, графика, аппликация, коллаж, компьютерлік графика сынды бейнелеу өнерінің кез-келген техникасын қолдануға болады. Басты шарт – туынды түпнұсқада тапсырылуы тиіс. Сондай-ақ, байқауға қатысушы үш композицияға дейін ұсына алады. Өтініштер 2020 жылдың 30 маусымына дейін қабылданады.
Байқау нәтижесі 2020 жылдың 5 шілдесі жарияланады. Топ жарған өнерлі балаларды салтанатты түрде марапаттау шарасы Алматыда жаздың соңына қарай өтеді.
Байқауға «Edu Stream» компаниясы ұсынған басты сыйлық – Венада өтетін балалар суретінің көркемөнер көрмесіне қатысу (COVID 19 пандемиясы аяқталғанда). Топ жарғандардың туындысы Қазақстанның барлық аймағында көшеге билбордқа ілінеді.
Туындыны түпнұсқада мына мекен-жайға: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050026, М.Әуезов көшесі-14 а. «Балалар әлемді бейнелейді» қоғамдық қоры, «Жануарлар – менің достарым» байқауына жіберу керек. Сондай-ақ, электрондық пошта: alembala.kz@gmail.com.
Толық ақпарат www HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/». HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/» HYPERLINK «http://www.alembala.kz/»alembala.kz сайтында.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *