ҮЙДЕ ОТЫРЫП-АҚ АҚША ТАБАТЫНДАР КӨБЕЙДІ

Бос уақытында Инста­грам­ды ашпайтын адам аз шығар, сірә! Сол сияқты, мен де бірде телефоныма кіріп кетердей, посттарды қарап отыр­сам, түрлі хаттар келіп түсіпті. Басым көпшілігі «еш­қайда шықпай, интернет көме­гімен ақша табу», «үйде оты­рып табыс тапқыңыз келсе», «жұмыс әлеуметтік желіде, тіркеліңіз» деп келеді. Иә, қазіргі таңда интернет арқылы жұмыс істеп, ақша тауып, өзінің жеке бизнесін дамытып жат­қандар өте көп десек те болады. Әрине, олар­дың бір­ша­масы үйде баламен отырған қыз-келін­шектер, белгілі бір мамандығы жоқ жандар, қо­сым­ша табыс тапқысы келетін ер-азаматтар және т.с.с.

Әлеуметтік желі арқылы қандай жұмыс істеуге болады деп ойлайсыз? Бұл сауалға өзім де жауап іздеп көрген бола­тын­мын. Жалпы, интернет арқылы қолыңа ақша түсіріп отыратын «жұмыстар» мына­дай екен: бірінші – Инстаграм немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы өз тауарларын сату; екінші – қоғамда орын алып жатқан астарлы оқиға­ларды күлкілі әрі өте қысқа етіп вайн түсіріп, вайнер болу; үшіншісі – Ютуб желісіне де түрлі видеолар салып, көрермен санын көбейту арқылы табыс табу; төртіншісі –бағдарла­малар жазу, фотошоп-бағдар­ламаларды жақсы білсеңіз, сол арқылы түрлі сайттарда тапсы­рыстар орындауға болады; бесіншісі – сайттар ашып, оны қол­данушылардың санын артты­рып, оған жарнама қою арқылы табыс табуға болады екен.

Ал сіз үйде отырып ақша табу­ды қалай түсінесіз? Айт­пақ­шы, интернет арқылы алаяқ­тықпен айналысып, ақша таба­тын­дар да баршылық. Қара­пайым халықты өтірік жарнама­лармен, ұтыс ойын­дарымен алдап, тақырға отыр­ғызып кете­тіндерді де көріп жүрміз. Бірақ кеудемізде жаны­мыз барда, осындай бейбіт, дамыған заманда халқымызға адал қызмет жасай­тындай бел­гілі бір кәсіптің, маман­дықтың иесі болып, тама­ша таза табыс көзін тауып отыруға не жетсін?!

 

Құралай ЖАНДАРБЕКОВА,

«Тұран» университетінің

2-курс студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *