«JAS OTAN» КОВОРКИНГ- ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Жастар жылы аясында Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының базасында еліміздегі алғашқы «Jas Otan» коворкинг-орталығы ашылды.

Open Space қағидасы бойынша жаңа жастар орталығы бірнеше аймақ­тарға бөлінген, олар: ІT statіon, 1000 әде­биетті кітапханасы бар Readіng platform, семи­нарлар, тренингтер өтетін Meetіng room және басқалары. Осының барлығына қаладағы белгілі меценаттар Әміржан Нәбиевтің, Вяче­слав Банщи­ковтың және Қайыржан Мимикенов­тың қолдауы арқасында қол жетті.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жастарға, олардың идеялары мен ұсыныстарына қолдау көрсету ел Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты мақ­сат­тарының бірі екенін атап өтті. Мұндай қалалық коворкинг-орталықтар бұған дейін Алатау және Наурызбай аудандарында ашылып, жастар үшін шеберлік сыныптары, түр­лі тренингтер, сырттан келген жас­тардың жұмысқа орна­ласуына қатысты кеңестер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұдан өзге, Жамбыл атындағы жасөс­пірімдер кітапха­насы жастардың зияткерлік орталығы ретінде қайта құрылды. Бұрынғы трамвай депосының база­сында жас алматылықтар үшін Лофт-орталықтың екінші кезеңі «Depo Evolutіon Park» ашу жоспарланған.

Елбасының Бес әлеуметтік бас­та­масы бойынша қалада 20 мың орынды 38 жа­тақхана салу жоспар­ланған. Қазірдің өзінде төрт жатақ­хана іске қосылды, жақын арада бесеуі ашы­лады. Екі жыл ішінде 200 жас отбасы «Алматы жастары» қалалық бағдар­ламасы бойынша пәтер алды. Кәсіби және техникалық білімге ерекше назар ау­да­рылуда. Бүгінгі күні 30 мыңнан астам жастар жұмысшы және сервистік маман­дықтарды тегін алуда.

Жаңа коворкинг-орталықта «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек бірлес­тіктің жаңа мүшелеріне партия билеттерін тапсырды. Олардың ара­сында Қазақ тілі клубының басшысы Марина Фалеева, Қазақстанның, Паралимпиада ойындарының бірнеше дүркін чемпионы Азамат Оразбек, жас ком­позитор Ғаламат Бейсеқожа, Синга­пурдағы «Медицина саласын­дағы 100 стартап-жоба» жүлдегері Алина Ачилова, «L-Generatіon» жетекшісі Эдуард Ли, тележүргізуші Диана Скатова, «Арлан» театрының актері және панкратионнан ел чемпионы Шалқар Құдайберген бар.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *