«Jas Otan» Алматыдағы студенттік жатақханалардың жағдайын бақылауда

«Jas Otan» жастар қанаты үш жоғары оқу орнының жатақханаларын тексерді. Екінші реттік тексеру кезеңіне дейін айтылған олқылықтың бәрі де түзетілді. Олар – Қайнар Академиясы, Satbayev University және Алматы университеті.

Мониторингтің бірінші кезеңінде көптеген жатақханалардың санитарлық нормаларға, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтіні анықталған еді. Мониторинг көрсеткендей, бұрын анықталған кемшіліктер жойылды. Жоғары оқу орындарының басшылығы «Jas Otan» мониторингтік тобының ұсынымдарын орындауға жауапкершілікпен қарады. Мысалы, бірінші мониторингтен кейін Satbayev University екі жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді, әр қабатта жуыну кабиналарын орнатты, жаңа жиһаз және қажетті техниканы сатып алды. Университет әкімшілігінің айтуынша, бұл жұмыс жалғасады және барлық студенттік жатақханалар модернизациядан өтеді. Сондай-ақ, «Қайнар» университеті барлық ұсыныстарды орындап, жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізді. Студенттердің жайлы тұруы үшін қажетті жағдайлар жасады.
«Қаламыз бойынша сол мониторингтің нәтижесінде көптеген кемшіліктер табылған осы 3 университет болатын. Оның екеуі жекеменшік университеттер, бірі осы ұлттық университет. Бізде мына «естуші мемлекеттің» осы жерден көрініс тауып, орындалып отыр деуге болады. Университет басшылығы немқұрайлы қарамай, керісінше осы біздің айтқан кемшіліктердің барлығын түзетуге бар күш-жігерін арнауда», – деді «Jas Otan» жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов.
Екінші реттік тексеру кезеңіне дейін айтылған олқылықтың бәрі де түзетілді. Жатақханаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асүйлер мен жуыну бөлмелерінің саны артқан. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізілмек.

Анықтама: Алматыда 39 жоғары оқу орны мен 96 студенттік жатақхана бар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *