ҮЙ СӘНДI, ӨМIР МӘНДI БОЛСЫН ДЕСЕҢIЗ Алматыда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасының бiрiншi кезеңi аяқталды

Әйгерiм САУЫТБЕК

Шаһар басшысы Ахметжан Есiмов Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жүрiп жатқан тұрғын үйлердегi жұмыс барысымен танысып, оның тұрғындарымен кездестi. Кездесу барысында қала Әкiмi тұрғындар тiлегiнiң ескерiлiп, үйлердiң қасбетi мен ауласын жөндеуден өзткiзу қала мәдениетiн көтеруге үлес қосатынын жеткiздi.Бүгiнгi күнi Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының аясында 5 үй пайдалануға берiлдi. Бұл жөнiнде сейсенбi күнi БАҚ өкiлдерiне арналған арнайы баспасөз туры барысында Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасының бастығы Қайрат Нұрқадiлов мәлiмдедi.

«Бағдарлама бойынша күрделi жөндеудi талап ететiн 19611962 жылдары кiрпiштен салынған көппәтерлi тұрғын үйлер таңдалды. Ол үшiн «Алматы тұрғын үй» МҚК арқылы 687,5 млн. теңге бөлiндi. Жалпы, Бостандық ауданы бойынша 350 үй күрделi жөнделетiн болады», – дедi Қайрат Нұрқадiлов.

Жөндеу жұмыстарына 600 млн. теңге бөлiнген. Олардың тең жартысы шатырларды, кiре берiстi жөндеуге жұмсалады. Қалғандары лифтiнi модернизациялауға аударылады. Аталған қаржыны тек тамыз айының басында аударылғандықтан, алғашқы 40 үйдiң инженерлiк желiлерi ауыстырылмайтын болады. Өйткенi, жылу маусымы басталып кетедi. Сондықтан, мамандар қыс түскенге дейiн олардың шатырлары мен кiре берiсiн ғана жөндеудi жоспарлап отыр. Коммуникацияны ауыстыру келер жылдың көктемiнде басталады.

Бүгiнде 40 үйдiң бесеуiнiң жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Күрделi жөндеуден өткен үйлердiң шатыры, кiре берiсi, жалпы сыртқы келбетi толық жөндеуден өтiп, подъездер терезелерi қазiргi заманғы әйнек пакеттермен алмастырылыпты. Сондай-ақ, алдағы уақытта 22 үйдiң лифтiсi ауыстырылады деп жоспарланып отыр.

ЖОБАҒА ҚАТЫСУ ҮШIН ЖЕКЕ ПӘТЕР ИЕЛЕРI КОНДОМИНИУМ ҚҰРУ КЕРЕК

Естерiңiзде болса, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты модернизациялау бағдарламасы Алматыда үстiмiздегi жылдың тамыз айында басталған болатын. Бұл жобаға ену үшiн жеке пәтер иелерi кондоминиум құрып, Тұрғын үй басқармасында тiркеуден өтулерi тиiс. Кондоминиум есебiн жылдық 0.3 пайызбен «Қазпошта» мекемесi өз мойнына алады. Бағдарлама бойынша пәтер иелерi күрделi жөндеудiң жалпы сомасының бiр бөлiгiн жинаулары тиiс. Тек осыдан кейiн ғана мемлекет қайтарма ақшаны бiртiндеп бере алады. Кондоминиум нысаны болып табылатын үйлердi мемлекет тегiн жөндемейдi. Жеке мүлiкке қаржы бөлу заңда қарастырылмаған.

Бүгiнгi таңда жөндеу жұмыстары жүрiп жатқан 40 тұрғын үйдiң 39-ы кондоминиум ретiнде тiркелген. 26 нысанның құжаттары қазiр тiркелу үстiнде.

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 13 АУЛА ЖөНДЕУДЕН ӨТЕДI

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласын жаңғырту бағдарламасының аясында 40 үймен қатар, олардың аулалары да жөндеуден өтетiн болады. Бұл мақсатта қалалық бюджеттен 76 миллион теңге бөлiнiптi.

– Ауданда биыл 13 аула жөнделетiн болады. Аулаларды жөндеу туралы бастаманы тұрғындар көтерген болатын. Бiз оларды қолдап, Мәслихатқа тапсырыс жолдадық. Мәслихат бiздiң тапсырысымызды мақұлдап, 76 миллион теңге көлемiнде қаржы бөлдi. Жөндеу жұмыстары басталып кеттi, қараша айына дейiн аяқтауымыз керек. Һйткенi бiз ауа-райына тәуелдiмiз, — дейдi Бостандық ауданының әкiмi Зәуреш Аманжолова

Айта кету керек, биыл «Алматы аулалары» бағдарламасын жалғастыру қайта қолға алынған болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн жергiлiктi бюджеттен 400 миллион теңге бөлiнiп отыр. Жоспар бойынша, ағымдағы жылы Алмалы және Әуезов аудандарындағы 82 аула абаттандырылуы керек едi. Қалған аудандардың аулалары 2012-2013 жылдары жөнделедi деп жоспарланған болатын. Алайда, Бостандық ауданындағы жөндеуден өтiп жатқан 40 үйдiң тұрғындарының ғимараттармен қатар, олардың аулаларын да жөндеу туралы өтiнiшiнен кейiн, Мәслихаттың шешiмiмен биыл жөнделетiн 82 ауланың қатарына Бостандық ауданындағы 13 аула да қосылды. Бұл 13 ауланың бiреуi ғана 2008 жылы жөнделiптi. Қалғандарының жөнделмегенiне бiрнеше жыл болған көрiнедi. Жалпы, бүгiнгi таңда Бостандық ауданында 100-ге жуық аула жөндеудi талап етедi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *