Итен Қарымсақұлы – Ақпарат саласының үздігі

Баспасөз саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, «Алматы ақшамы» газетінің тұрақты авторы, газет өміріне тілеулес Итен ағамыз  Қазақстан Журналистері күні және «Алматы ақшамы» газетінің туған күні қарсаңында еселі жұмысымен құрметке бөленді. Бұл ретте Итен Қарымсақұлы БАҚ саласына көптен бері қосып жүрген үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапат­талды.

Әрине, бұл өз ғұмырында қаламымен еліне сыйлы болып жүрген «Қазақ­станның Құрметті журналисі», Қазақ­стан Журна­листер одағы сыйлығының  иегері атанған әріпте­сімізге берілген лайықты құрмет. Сонымен қатар, қазіргі таңда Итен Қарымсақұлы Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, «Қазақ журналисти­касының қайраткері», «Алматы қаласы Наурызбай ауданының құрметті ардагері» медальдарының иегері, ағамыз өмірде өте белсенді де тынымсыз жан. Өйткені, сонау 1955 жылдан бері ел өмірі тынысын үзбей жазып келе жатқан белді журналист-жазушы. Сондай-ақ, ол көптеген прозалық кітаптардың және жыр жинағының авторы. Осы  ретте Итен Қарымсақұлы есімін елі таныған, халқы қадір тұтқан қабырғалы тұлға ретінде мақтаныш тұтар абзал азамат!

Сөз соңында игі істеріңе береке, деніңе саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз, Итен аға демекпіз!

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close