ҚИТ ЕТСЕ, «ХИТ» деп шыға келеді

Ал енді қазіргі әншілердің «хитін» халық қосылып айтпайды. Ол тек әншінің өз ләззаты, рахаты үшін ғана айтылады. Тек қана соның танымал болуына қызмет етеді. Оған бәлкім билеуге болар, ыңылдап қосылуға болар. Бірақ ол ән сіздің өміріңізге енбейді. Уақытша ғана әсер. Сәттілік қана әсер. Демек, ондай әндердің халыққа беретін еш тағылымдық мәні жоқ деген сөз.

 Қоғамға «хит» деген сөз енгелі біраз болды. Бұл сөз әсіресе әнге байланысты көп мысалға алынады. Осыған орай редакциямызға телефон шалып, пікір білдірген бірлі-жарым оқырмандардың ойын да қаперге алдық.

– Менің түсінігімде, «хит» әндер дегеніміз жас та, кәрі де, жалпы тыңдарманның бәрі сүйіп айтатын әндер болса керек. Мәселен, Шәмшінің, Әбіл­ахаттың, Нұрғисаның, Әсеттің әндерінің қайсысын болсын халқымыз күні бүгінге дейін айтады. Себебі, оның сөзі де, сазы да бірден көңілге қона кетеді. Сонан соң ешқашан ұмытылмайды. Демек, қарапайым халыққа арналған, – дейді Бейбіт Аңсатов деген азамат. – Ал енді қазіргі әншілердің «хитін» халық қосылып айтпайды. Ол тек әншінің өз ләззаты, рахаты үшін ғана айтылады. Тек қана соның танымал болуына қызмет етеді. Оған бәлкім билеуге болар, ыңылдап қосылуға болар. Бірақ ол ән сіздің өміріңізге енбейді. Уақытша ғана әсер. Сәттілік қана әсер. Демек, ондай әндердің халыққа беретін еш тағылым­дық мәні жоқ деген сөз. Осы «Алматы ақшамында» жазды ғой деймін, Нұрғиса ағамыздың «Құстар әні» тіпті Жапо­нияда хитке айналып кетіпті. Музы­калық терапияда көп қолданы­латын әннің бірі осы екен. Оны айта­сыз, фейсбук парақшасынан байқап қалдым. Егер рас болса, АҚШ-тың Лас-Вегас шаһарындағы фонтанда таңсәріден Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқымы» ойнап тұрады екен. Бұл жөнінде де таяуда «Алматы ақшамынан» оқыдым. Міне, сізге керек болса хит. Біздің туындыларымыз әлемдік деңгейде хитке айналған. Ал біз келіп, кейбір әнші­лердің өзін насихаттауға ғана арналған шалажансар әндерді хит дейміз. Оны халық айта ма, жоқ па? Меніңше, ең басты талап осы болуы керек.

 

P.S. Оқырманмен келіспеске амал жоқ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close