Істі болғандардың күші қоғам пайдасына жұмсалады

«Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ». Өздерінің қасақана немесе абайсызда жасаған қылмыстары үшін заңмен жазаланып қана қоймай, онысы өздеріне күйе болып жағылған азаматтар қазіргі біздің қоғамда аз емес. Олар заңмен сотталып, темір торға қамалмаса да, өздеріне тиесілі жаза мерзімін арқалаған сотталғандар, яғни бас бостандығы шектелген жандар.

Қоғамнан оқшаулаумай соттайтын жазалардың бірі – бас бостандығын шектеу жазасы. Бұл жазаны өтеу мерзімі Пробация қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап есептеледі.
Бас бостандығын шектеу жазасы кесілген сотталғандар жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда, жылына 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылады.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Пробация қызмет бөліміне қарасты, қаланың 8 ауданындағы пробация қызметтерінде есепте тұрған мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленген сотталған жандармен осы бағытта іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Олар белгілі бір кәсіби біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарға тартылады. Нақтырақ айтсақ, мәжбүрлі еңбекке тартылатын сотталғандар әр аудан бойынша апта сайын аудан аумағының көшелеріндегі арықтарды тазалау, тұрмыстық қоқыстарды жинап шығару жұмыстарын атқарады. Сол арқылы оларды еңбектің, өмірдің қадірін түсінуге, айналамызды, қоршаған ортаны таза ұстап, ластамауға үндейміз, өзі сүріп отырған қоғамға пайдасын тигізуге шақырамыз.

А.ЗӘКІРБАЕВ,
Алматы қаласы бойынша
ҚАЖД ПҚБ-ның бастығы,
әділет подполковнигі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *