ИСЛАМДЫ ҚҰЛШЫЛЫҚПЕН ШЕКТЕУ ДҰРЫС ЕМЕС

2243Дініміздің адамзат үшін жасалатын құндылықтарын көбірек насихаттасақ, сонда ғана қоғам ізгілікке, имандылыққа ден қоя бастайды. Алматылық танымал кәсіпкермен болған кездесуде Дінбасы осылай деді.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласындағы «Turkuaz Constructіon» компания­сының директоры, белгілі кәсіпкер, дін жанашыры Зеки Пилге мырзаны қабылдады.

Ресми қабылдауда Бас мүфти Діни басқар­маның қайырымдылық шаралары жайлы жан-жақты баяндады.

– Әрбір азамат Алланың берген нығметінен, кәсібінен түскен табыстан қайырымдылық көмекке бөлуі шарт. Менің өмірлік ұстанымым осындай. Сонда жұмыс та, кәсіп те берекелі болады, – деді кездесуде Зеки Пилге.

Ержан қажы Малғажыұлы Ислам – қайырымдылық діні екенін айта келе:

–Биыл Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызмет барысында қайырымдылық шараларына басымдық беруде. Жыл сайын қарттар үйінен бір кісіні кіші қажылыққа жіберіп отырмыз. Ислам дінін тек құлшылықпен ғана шектеу дұрыс емес. Егер біз дініміздің адамзат үшін жалпы құндылықтарын көбірек насихаттасақ, сонда ғана қоғам ізгілікке, имандылыққа ден қоя бастайды, – деді.

Басқосуда Зеки Пилге мырза Діни басқар­маның діни-ағартушылық, кітап шығару, қайырымдылық іс-шараларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

www.muftyat.kz 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *