ІШКІ ҚУАТЫ ҒАЖАП БОЛАТЫН

Ғазиза ӘБДІНӘБИЕВА,

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері:

–       Өкініштісі, Фарида апайды қазіргі жастар білмеуі мүмкін. Алтын дауыс иесі еді ғой! Режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» атты киносын баршамыз жақсы білеміз. Осы фильмдегі Қожаның дауысын Фарида апай орындайды. Міне, қараңыз, содан-ақ, оның қандай талантты актриса болғанын бағамдауға болады. Фарида апаймен сахнада бірге өнер көрсету біз үшін үлкен мақтаныш болатын. «Ғашықсыз ғасыр» деген спектакльде ол кісі басты рөлде ойнады. Ал мен оның досын ойнадым. Фарида апаймен сахналас болу өте қиын. Ол кісі жәй ғана көз тастағанда, көзіне қарау мүмкінемес еді! Ішкі қуаты ғажап болатын. Сахнада қатар тұрғанда іштей дірілдеп тұратын күндерімді әлі ұмыта қойған жоқпын. Бірақ бәрібір ол кісімен сахнада бірге ойнау бақыт болатын. Қазақтың талантты қызын еске алып, үйіне белгі тақта орнатылып жатқанына өте қуанып тұрмын. Бұл үшін театр ұжымына және қаланың әкімдігіне рахмет айтқым келеді.

(«Егемен Қазақстан», 1.08.2018.).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close