Ішімдікке тыйым салынды

2019Таяуда Пәкістанда улы шарап ішіп, бірнеше адам қайтыс болған еді. Осы жәйтке байланысты елдің хрис­тиандық және иудейлік парламент мүшелері елде спирттік ішімдіктердің барлығына тыйым салуды талап етуде. Сонымен қатар, алкогольді өнімдерді мұсылман емес адамдарға да сатуға тыйым салу керек дейді. Ал, осы уақытқа дейін Пәкістанда спиртті ішімдіктер мұсылман қауымы үшін тыйым салынғанымен, мұсыл­ман емес адамдар оны емін-еркін сатып алып келген еді. 29 адамның өмірін қиған сол уақиғадан кейін енді республика халқы дүрлігіп, алкогольді өнімдерге қарсылық өзге дін өкілдері тарапынан да көбейді.

 

Ертісте медуза пайда болды

Денесі іркілдеген мөлдір түсті теңіз жәндігін алғаш болып балықшылар байқаған. Мамандар Октябрь су тоғанында теңізде тіршілік ететін жәндіктің пайда болғанын растап отыр. Өскемендіктер үшін Ертіс өзенінде медузаның пайда болғаны тосын жаңалық. Өйткені, бұрын-соңды көрмеген теңіз жәндігі шығысқа қашан, қалай келгені белгісіз.

Әдетте медузалар теңізде мекен­дейді. Арктикадан бастап, тропи­калық теңіздерден оның сан алуан түрін кездестіруге болады. Бірақ, олардың өзенде қайдан пайда бол­ғандығы мамандарды да ойландырып отыр.

 

Ең үлкен лағман әзірленбек

ТМД-дағы өзбек асханасының таны­мал бас аспазы Хаким Ганиев Минскіде әлемдегі ең үлкен лағман әзірлеуге ниеттеніп отыр. Оны дайындауға жарты центнер ет, бір шақырым кеспе қажет. Гиннестің кітабына рекордты ресімдеу үшін «Интеррекорд» халықаралық рекордтарды тір­кеу агенттігінің сарапшылары шақыртылды. Сондай-ақ, лағ­ман­ды жылдам жеп тауысу бойынша алғашқы чемпионат та өтеді. Хаким Ганиев Өзбекстан­ның Ферғана облысы Маргилан қаласында дүниеге келген. Қазір Ресейде көптеген телебағдар­ла­маларды жүргізетін ТМД-дағы өзбек асханасының танымал бас аспазы.

 

Өсіп жатырмыз

Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайыловтың мәлімдеуінше, 2014 жылдың қаңтар – тамыз айларында Қазақстан халқының саны 169,7 мың адамға немесе 1 пайызға артқан.

Еліміздегі жалпы халық санының 55,2 пайызы, яғни 9 млн. 560,3 мың адам қала тұрғындары болса, 44,8 пайызы (7 млн. 770,2 мың адам) ауыл тұрғындары болып тіркелген. Сонымен қатар, 2014 жылдың қаңтар – тамыз айларында Қазақстан халқының табиғи өсімі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға артқан. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,41 адамды құрап отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *