Ішімдік сатудың уақыты шектелді

Мәжiлiс депутаттары «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады.

31Айнабай МӘДИ

– Заң жобасын әзiрлеуге еліміздің экономикалық мүддесiн, экономикалық қауiпсiздiгiн, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау қажеттiгi себепшi болды. Мемлекет этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымы процесiнде туындайтын құқықтық қатынастар саласындағы қатысушыларға ықпал етудiң тиiмдi тетiктерiн иеленуге тиiс, – делiнген Қаржы және бюджет комитетiнiң заң жобасы бойынша қорытындысында.

Заң жобасында спирттi iшiмдiктердi сату орындары мен сату уақытын шектеу мақсатында (мейрамхана, дәмханаларды және кәмелетке толмағандарға сатуды қоспағанда), кешкi сағат 9-дан бастап келесi күнгi күндізгі сағат 12-ге дейiн жұмыс және демалыс күндерiне бөлместен, күштi спирттi iшiмдiктердi сатуға, сондай-ақ алкоголь өнiмiн жанар-жағар май бекеттерінде саудалауға тыйым салуды енгiзу жөнiндегі нормалар көзделген.

– Алкоголь өнiмiн өндiру және оның көлеңкелi айналымын төмендетуге инновациялық бақылау әдiстерiн енгiзу арқылы этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды күшейту мақсатында заң жобасында өндiрiстiк қуатты пайдаланудың ең төменгi пайызы мен өндiрудiң ең төменгi көлемiн белгiлеу,  сондай-ақ,  этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлу көлемiн бақылау үшiн жаңғыртылған бақылау есеп құралдарын енгiзу жөнiнде нормалар көзделедi, – деп көрсетiлген заң жобасында.

Оған қоса,  заң жобасында алколголь өнiмiн бөлшек саудада өткiзу аясында заң талабын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершілік күшейтіліп, алкоголь өнiмiн өткiзу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымды енгiзу жөнiнде нормалар көзделдi. Мұнымен бірге, бизнес субъектiсін контрафактiлiк және заңсыз алкоголь өнiмiн сатып алудан сақтандыру мақсатында алкоголь өнiмiне арналған есептiк-бақылау таңбасының төлнұсқалығын айқындайтын құралдарды енгiзу қарастырылған.

Тұрғын үйде орналасқан дүкендерде алкоголь өнiмдерін сатуға тыйым салынуы мүмкiн

АСТАНА. 23 сәуiр 2014, 11:27. BNews.kz Сурет tvoyadubna.org сайтынан алынды

Бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысы барысында депутат Ахмед Мұрадов алкогольдi iшiмдiктердi тұрғын үй ғимараттарында орналасқан дүкендерде сатуға толығымен тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi.

«Бұл заңды Iшкi iстер және Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесе қарастырған дұрыс болар едi. Бiз алколголь өнiмдерiн нарықта реттеу мәселесiн сырт айналып өте алмаймыз. Осы орайда, алкоголь өнiмдерiн тұрғын үй ғимараттарында сатуға толығымен тыйым салуға келiсер ме едiңiз? Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлердiң бiрiнде шағын дүкендер жұмыс істеуде. Олар көптеген қылмыстарға себеп болып отыр. Бұл туралы ақпаратты iшкi iстер органдарынан алуға болады. Осыған байланысты, бұл жайтты қалай шешуiмiз керек деген мәселе туындайды. Кешкi сағат 9-дан таң атқанша iшiмдiк сатуға тыйым салумен шектелмеу керек, күштi және жеңiл алкоголь өнiмдерiн тұрғын үйлерде орналасқан дүкендерде сатуға толығымен тыйым салу керек», — деген пiкiрiн бiлдiрдi Мәжiлiс депутаты Ахмед Мұрадов.

«Тұрғын үй ғимараттарында алкоголь өнiмдерiн саудалауға тыйым салу мәселесіне өз сөзімде тоқталып өттiм. Ол балама нұсқа ретiнде қарастырылған болатын. Дегенмен, бiрден тыйым салсақ, дүкендердiң күрт қысқаруына әкелiп соғады. Себебi, көптеген дүкендер бұдан бейресми түрде едәуір мол табысқа ие болып отыр. Ресми түрде олар бұл өнiмдердi сатпайтынын немесе аз көлемде саудалайтынын көрсетедi. Қатаң тыйым салатын болсақ, қатаң түрде әкiмшiлендiру ісін жүргiзу керек. Онда бизнес қауымдастықтың берген бағасы бойынша 20 мыңға жуық кәсiпкер өз дүкенiн жабуға мәжбүр болады. Бұған бiртiндеп келудi ұсындық. Талқылау барысында бұл мәселені көтереміз. Ал қазiр бiз лицензиялық алым түрiндегi экономикалық шара қабылдауды ұсынып отырмыз», — деп жауап бердi Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов.

Бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң пленарлық отырысы барысында депутат Алдан Смайыл қымыз бен шұбат туралы заң жобасын қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Осы арақ-шараптың орнына бiз ұлттық тағамдарымызды, қымыз бен шұбатты көбейтейiк. Ол да қаперiне келмедi ешкiмнiң. Жамбыл, Алматы облысындағы қымыз өндiрушiлер осы мәселенi көтерiп, халықаралық деңгейде конференция өткiздi. Неге бiз осы арақтың төңiрегiне үйрiле беремiз? Осындай пайдалы iске неге заң қабылдамаймыз? Мен министрлiкке осы бүгiнгi кездесудi пайдаланып отырып, арақ-шарап туралы заң қабылдадыңыздар жеткiлiктi түрде, енді ұлттық тағамдар солардың орнын басатын қымыз бен шұбат туралы заң жобасын әзiрлеңiздер деген ұсыныс айтқым келiп отыр. Бұл — ұлттық қажеттiлiк», — дедi А.Смайыл.

«Өзiмiзге керек, қажеттi заңдарды қабылдайық та соны жасайық. Болмаса, парламент депутаттары бiздер заң жобасын өздерiмiз жасайық. Осындай әрекеттер арқылы ғана бiз араққа тыйым саламыз», — деп толықтырды ол.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *