Ішіңізбен жатпаңыз

Жақсы ұйықтау үшін төсегіңіз, жамылғыңыз, жастығыңыз ыңғайлы болу керек екенін ескертеді мамандар.

Педиатрлардың айтуынша, балалар ауыр жамылғымен жатқанда ұйқысы дұрыс болмайды екен. Оның есесіне жеңіл жамылғы беріп, анасы сәттілік тілеп, маңдайынан бір иіскесе балақай­дың ұйқысы қанық болады және түні бойы оянбайтын көрінеді.

Ұйқысыздық дертіне душар болған­дарды емдеушілер қатты жамылғыны пайдалану керектігін айтады. Оның жүрек­тің, қан қысымының қалыпты болуына септігі зор екен.

Сондай-ақ, жамылғымен қатар жастық­тың да міндеті бар. Егер қолыңыз жастық­тың астына еркін жететін болса ол аласа деген сөз. Жастықтың биік әрі қатты еке­нін ұйықтап тұрған соң мой­ныңыз ауыр­ғанда сезесіз. Ол үшін жас­тық өзіңізге ыңғайлы әрі ортопе­диялық болса тіпті жақсы. Оны таңдаған кезде сапалылығына ден қойыңыз.

Кейбір жастықтардағы құс қанаты мен бұрқыраған қылшықтар аллергия туғызуы да мүмкін.

Жақсы ұйықтау үшін өз қимы­лыңызды қалай ұстанған жөн. Арқа­ңызбен жату пайдалы. Бұл жағдай сіздің төс, мойын, омыртқаңыздың ау­­руына көмек болып қана қой­май­ды, оның қалыпты режимін сақ­тауға ықпал етеді. Бір қырынан жату мойын және арқаға жайлы болып қа­на қоймайды, сонымен қатар, қорыл­дау­ды азайтады. Ал енді ішіңізбен жатқан  жайсыздық тудыратын кө­рін­­еді. Қан тамырлары, буындарына, бұлшық еттеріне қысым, жүйкеңізге салмақ түсетін көрінеді.

 

Қ.Иман.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close