Іріткі – іштен ірітеді, ұйытқы – ұлтты ұйытады

Нұртөре ЖҮСІП,

«Айқын» газетінің Бас редакторы:

– Береке-бірліктегі қазақ қоғамына іріткі салуға ұмтылушылар да бар. Олар үшін қазақтың елдігі мен мемлекеттілігі ойыншық тәрізді. Арзан сөз бен айдапсал ұранға алданып, ақиқатшыл болғанға малданып, артынан батыс жақтан ағылған ақшаға жалданып, қаратобырдың қарасын көбейткісі келеді.

Осындайда Абайдың «Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы» дейтіні тегін емес. Арттарынан ергендердің обал-сауабы кімнің мойнында болмақ?

Күніне қырық құбылған тар жол, тайғанақ кешуде елдік мұрат­тарымызға адалдық таныту – арлы азаматтың шаруасы. Іріткі – іштен ірітеді. Ұйытқы – ұлтты ұйытады. Таразы басы қай жаққа ауады деп қарап отырмай, аталы сөзді айтатын, айтаққа ергендерді жөнге салатын уақыт туды. Әрбір естияр қазақ баласы қызылкеңірдек ағайынға басалқа сөз айтуы тиіс. Елең-алаңда елдіктен айырылып қалар болсақ, қу қарынды тойғызып, күйсегенің көк тиын!

(«AІQYN», 10.06.2019).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *