Іргелі еңбек ағылшын тілінде шықты

Осы жақында өзінің 85 жылдығы қарсаңында белгілі ғалым-экономист, академик, ҚР Ұлттық Ғылым акаде­миясының тоғызыншы президенті болған  Кенжеғали Сағадиевтің «Қазақстандағы реформалар: талдау  көз­қарастары» (Reforms іn Kazakhstan: an analytіcal Vіew) атты ағылшын тіліндегі іргелі еңбегі жарық көрді. Соған орай, ҚР Ұлттық Ғылым академиясында өткен тұсаукесер шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысып, сонымен қатар, оған елге танымал қоғам қайраткерлері мен түрлі саладағы ғалымдар жиналды.

Жиында алғашқы сөзді алған ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбді­халықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытындағы ең маңызды басым­дықтардың бірі – отандық ғы­лымды дамыту екендігін  баса атап өте келе, сол себептен оның еліміз үшін маңызы зор екен­дігіндігіне тоқталды. Әрине, Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауының арқасында елімізде Тәуелсіздік жылдары ғылымды қаржыландырудың жаңа моделі енгізіліп, қазіргі замандық механизмдері қолға алынғаны келтірілді. Атап айт­қанда, бұрнағы жылы ғана Қазақ­станда ғылыммен 23 мыңдай ғалымдар мен 383 ғылыми ұйым­дар айналысып, оларға 38 млрд. теңгедей қаржы бөлінген екен.

Осыдан кейін көрнекті ғалым­ды мерейтойымен құттық­тау үшін қала әкімі Бауыржан Байбек сөз алып, оның ұзақ жылдан бері еліміз игілігі үшін және ғылымды дамыту жолында үздіксіз еңбек етіп келе жатқанын атап өтті де, «Кенжеғали Әбен­ұлы, Сіз еліміз үшін тарихи оқи­ғаларға толы болған өтпелі ке­зеңде республи­камыздың Ұлттық Ғылым акаде­миясына жетекшілік еттіңіз. Со­ның нәтижесінде отан­дық ғылым біршама жетістіктерге қол жет­кізді» деді. Содан соң қала әкімі өз өмірінде жүзден аса ғылыми мақалалар жазған акаде­миктің тынымсыз еңбек жолына тоқтала келіп, оның ағылшынша шыққан жаңа еңбегіне айрықша тоқталып өтті. Бұл ретте қала әкімі:

– Әрине, негізінде Қазақ­станда жүргізілген реформаларға арналған бұл зерттеудің ағылшын тілінде жарық көруі өте маңызды. Өйткені, ол біздің еліміз эконо­микасындағы өте маңызды мәсе­лелерге кең тоқталып өткен. Сондай-ақ, онда еліміздің түрлі саласындағы экономикалық реформаларға өткір және нақты талдаулар жасалып отырған. Сондықтан да бұл еңбекті зер сала мұқият оқып шығу керек, – деп атап көрсетті.

Қорыта айтқанда, шара соңында академик Кенжеғали Әбенұлы жиынға қатысқандарға өзінің риясыз алғыс сезімін білдіріп, ағылшын тілінде жарық көрген ерекше еңбегінің тұсау­кесер рәсімін өткізді.

 

 «Ақшам-ақпарат».   

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *