ИПР бiзге не үшiн қажет?

Құрметтi редакция! Бiзге 2009 жылдың шiлде айынан бастап аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмi «ИПР» деген құжатты тапсыруды мiндеттеп қойды. 

ИПР дегенiмiз – жеке сауықтандыру бағдарламасы. Оны алмасақ, шипажайға жолдама бермейдi екен. Сондықтан еш амалы қалмаған мүгедектер өзi тұратын жердегi емханадан осы «ИПР» деген құжатты алып, әлгi аудандық әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмiне өткiземiз. Ал олар болса, бұған қосымша – жеке куәлiктiң, СТН-нiң, үй кiтапшасының, еңбекке жарамсыздығы жөнiндегi куәлiктiң, зейнет кiтапшасының көшiрмелерiн әкел деп қайта жұмсайды.

Жалпы, мен осы Алматыда туылып, осында өмiр сүрiп келемiн. Өзiм зағиппын. Сондықтан Қазақ соқырлар қоғамында топ жетекшiсiмiн. Демек, менiң мүгедек екендiгiм әбден дәлелденген. Олай болса, әлгi «ИПР» құжатын бiзден жыл сайын талап ететiндей не қажеттiлiгi бар? Өйткенi, бiзге оларды әкелу оңай емес қой…

Темiр Жарасов,

II топтағы зағип, «Алматы» санаториясы, 4-үй, 20-пәтер.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *