ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА – ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА

Алматыны  электр энергиясымен  жабдықтауда қиындық  болмайды

Алып шаһар Алматының инвестициялық әлеуеті жоғары. Индустриялық аймақ, басқа да үлкен өндірістік  жобалар инвестиция есебінен жүзеге асуда. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен облысты электр қуатымен жабдықтаушы компания. АЖК АҚ  мегаполисті электр энергиясымен жабдықтау бойынша 2019 жылға арналған инвестбағдарламасын жүзеге асырды.

Нұрлан СҮЙІН

Жалпы, АЖК АҚ 2019-2020 жылдарға арнал­ған инвестициялық бағдарлама шеңберінде  2019 жылға 11 426 091 мың теңгенің, 2020 жыл­ға 11 714 570 мың теңгенің жобаларын жүзеге асырды. Осы инвестициялық жобалар аясында «Мамыр», «Алмалы», «Шымбұлақ», «Медеу» қосалқы стансаларын (ҚС) іске қосу, жөндеу жұмыстары жасалды.

Баспасөз турына ҚР ҰЭМ Табиғи монопо­лияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев, АЖК АҚ басшылығы, қоғамдық бақылаушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бас инженері – басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов баспасөз туры­на қатысушыларға компанияның инвестиция­лық бағдарламасының орындалуы туралы айтып берді. Онан соң  бас инженер техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өткізіп, турға қатысушылар «Бесағаш» ҚС – 220 Кв, «Ма­мыр» ҚС нысандарының жұмыстарымен танысты.

Баспасөз туры барысында Орталық же­дел – диспетчерлік пункті жұмысы да бақы­ланды.  «Мамыр» қосалқы стансасы бойынша стансаны №167А қуатына ауыстыру, сол ар­қылы Әуезов, Бостандық аудандары бойын­ша 85-ден астам заңды тұлғаларды, 24,5 мыңнан астам жеке тұлғаларды және аудан тұрғындарын электр энергиясымен үздіксіз қамту мүмкіндігі жүзеге асты.

«Бесағаш» ҚС бойынша да инвестициялық бағдарламалар толық орындалды. Карантин талап­тарына байланысты баспасөз туры бары­сында барлық қауіпсіздік шаралары сақталып, орындалды.

Баспасөз туры қорытындысында БАҚ өкіл­дері мен қоғамдық ұйымдар мүшелері инвес­тициялық бағдарламалардың орындалуы, олардың әлеуметтік маңызы, нысандардың жұмысы туралы сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. ҚР ҰЭМ Табиғи монополия­ларды реттеу комитетінің төрағасы А.Дарбаев инвестициялық бағдарламалардың орындалуы жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

Жалпы, бағдарламалардың жүзеге асуы мегаполисті электр энергиясымен сенімді де үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *