ИНТЕРНЕТ пен ӘДЕБИЕТ

Бүгінгі қазақ қоғамы білімі мен білігі ұштасқан ұрпақты жетілдіруге талпы­нуда. Бұл жолда заманауи техноло­гияларды игеруге көп көңіл бөлініп,  ұлттық сананы әдебиет арқылы тәр­биелеу жағы ескеріле бермейтін сияқты. Кез-келген саланың жілігін шағып, майын ішу үшін таным-білім қажет. Ал ұшан-теңіз білімнің қайнар көзі әдебиет екені даусыз. Кез-келген әдебиет өз заманына қарай икемделеді, әр қаламгер өз заманына қызмет етеді.

Әдебиет геометрия, физика, химия сынды нақты ғылым емес. Туындыгер өзінің талантына, өмірлік тәжірибесіне сүйеніп шығарма жазады. Әйтсе де, қазіргідей заманда жазушы болу, кітап шығару оңай іске айналғандай. Аз-маз жазуға икемің, сосын қалтаң қалың болса, кітабыңды да шығарып, қалаған жүлдеңді де береді. Бұған қоса, қазір көпшіліктің көзіне түсу үшін том-том кітап жазудың қажеті шамалы, жазған-сызғандарыңды ғаламтордың әр қалта­сына тықпалап отыра берсең де жетіп жатыр. Бұл ретте талғамды тара­зылап отырған ешкім жоқ. Қазақтың интер­неті рухани дүниелерді дәріптеуге келгенде жұтаң, арзанқол шығармалар өте көп. Заман озған сайын, интернетке телмірсек те, қолға ұстап оқитын кітаптың құнын жоғалтып алмайық. Сөзіміз түзу, рухымыз мықты болсын десек, ұлт әдебиетін ұлықтай білейік.

Әсел ЗЕЙНУЛЛИНА,

«Тұран» университеті Журналистика мамандығының 2-курс студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *