Интернаттың балалары Польшаға барып қайтты

Тәуелсіздік алып, әлемдік қауымдастыққа кіріккен соң  өмірдің барлық саласы бойынша сол халықаралық қауымдастық деңгейінде болу міндет. Әсіресе, қоғамның негізгі көрсеткіші  әлеуметтік салада. Ал әлеуметтік сала дегеніміз, бір сөзбен айтсақ, қарапайым халықтың (ішінде әлеуметтік әлсіз топтары бар) тұрмыс-тіршілігі, өмірі.   Осы тұрғыда Қазақстан әлемнің алдыға ұмтылған елдері қатарында қоғамның әлеуметтік мәселелерін алдыға шығарып, оның шешу жолдарын мемлекеттік бағдарламалармен қарастырып отыр. Ол – қолжетімді баспана, көпбалалы отбасы, әлеуметтік әлсіз топтар, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүгедектер спорты, т.б. бағыттағы жұмыстар.

2019 жылдың 3-5 шілдесі аралығында SENІ CUP психонев­рологиялық интернаттарының тәрбиеленушілері арасында шағын-футболдан SENІ CUP республикалық турнир жеңімпаздары, Қа­зақстанның «Жастар» футбол командасы Польшада өткен шағын-футболдан халықаралық лигасына қатысты, оның бас­тамашысы поляк TZMO компаниясы (Торунь таңу материалдары зауыты).

SENІ CUP — бұл ақыл-ой мүмкіндігі шектеулі психонев­рологиялық интернаттардың тәрбиеленушілеріне арналған шағын- футболдан ерекше спорттық турнир.

SENІ CUP турнирлерімен декларацияланатын негізгі мақсаттары:

— мүгедектер проблемаларына қоғамның назарын аудару;

— психоневрологиялық интернат үйлерінде тұратын адам­дардың өмірін жақсарту;

— мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында спорттық жарыс­тарды дәріптеу, олардың физикалық дамуын ынталандыру;

— неврологиялық сипаттағы проблемалары бар адамдарды құрметтеу және өзара түсіністік қағидаттарына қоғамның басқа мүшелерімен біріктіру;

— интеллектуалдық қабілеті төмен адамдардың осы қоғамның кез-келген басқа өкілі сияқты толыққанды өмір сүруге құқығы бар деген қоғамның нанымы;

— мүгедектер проблемаларымен айналысатын ұйымдар арасында халықаралық байланыстар мен ынтымақтастық орнату.

Чемпионатқа Ресей, Белоруссия, Германия, Чехия, Латвия, Литва сияқты 11 елден 33 команда қатысты.

Қазақстандық «Жастар» командасы чемпионатта мықты ойыншылар тобына түсіп, 6-орынға ие болды.

Команда «DELVІTA-KAZAKHSTAN» (Дельвита Қазақстан) компаниясының халықаралық чемпионатына баруына қаржылай қолдау көрсеткендері үшін өз алғысын білдіреді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *