Интеллектуалды павильон

Елбасы қорының тамаша тартуы

Рая ЕСКЕНДІР

 

Тау етегіндегі қаламыздың кішкентай тұрғындарының сүйікті мекені – Оқу­шылар сарайында әз-Наурыз мерекесі той­ланды. Аталмыш мерекені Оқушы­лар сарайы ҚР Тұң­ғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесіп өткізді. Халқымыздың ең ұлық құндылықтарын дәріптеп, салт-дәстүр салтанат құрған мереке көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Таудан ескен таза ауа, бақытты балалардың күлкісі, қария­лардың ақ батасы, шалқыған ән мен төгілген күй барлығы да ерекше жарасымдылықпен жалғасын тауып жатты.

Мерекеге жиналғандарды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры өкілдері, қалалық Білім басқармасы мен ҚР Президенті мұрағаты қызметкерлері құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Осынау мерекенің есте қаларлық бір тұсы бар. Дәл осы күні ҚР Тұңғыш Прези­денті – Елбасы қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Оқушылар сарайына «Интеллектуалды павильонды» сыйға тартты.

«Ел өнерінің мұражайы» деп те аталатын бұл павильон өте үлкендігімен де ерек­шеленеді. Мұнда келушілер ҚР Тұңғыш Президенті Н.Нзарбаевтың қызметі мен еліміз Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы туралы кеңінен мәлімет алатын болады. Сонымен, бұл павильон 6 аймақтан тұрады. Әрбір аймақтың өзіндік мазмұны бар. Мәселен, еліміздің ішкі және сыртқы саясаттағы стратегиялық бағыты, экономикалық және әлеуметтік салалардағы реформа, ғылым, мәдениет пен білімдегі жетістіктер жайындағы табысымыз осы аймақ төрінен орын алған.

Сонымен қатар, «Құрмет пен алғыс белгісі ретінде» деп аталатын аймақ та келушілердің қызығушылығын арттырады. Мұнда Президентке сыйға тартылған бағалы жәдігерлер қойылған. Айта кетерлігі, мұнда көлемді экспонаттардың орнына олардың үш өлшемді цифрлық аналогтарын көруге болады. Соңғы ІТ-технологияның жетістіктерінің арқасында экспонаттарды барлық жағынан да көруге болады. Мерекелік іс-шара барысында «Мәңгілік ел» кітап көрмесі, спорттық жарыстар, ұлттық ойындар ойналды. Оқушылар сарайының өнерпаз ұл-қызы өз өнерлерін ортаға салып, қонақтар наурыз  көжеден ауыз тиді.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *