#ILOVENURSULTAN байқауы

Елорда күніне орай Алматы қаласында #ILOVENURSULTAN хештегімен фото- және видео материалдар онлайн-байқауы өз бастауын алды. Алматы қаласы оқушыларының арасында өтіп жатқан байқауда, оқушылар өздерінің әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында елорданың әсем ғимараттары жанында түскен суреттерімен бөлісіп, астананы өлең шумақтарымен, ән және ізгі тілектермен құттықтауда.

Сонымен бірге, байқауға атаулы мерекемен туған күндері тұспа-тұс келетін оқушылар белсенді түрде қатысуда. Олар үшін бұл мереке ерекше мәнге ие.

Ашық электронды дауыс беру арқылы анықталатын байқау жеңімпаздары үшін ұйымдастырушылар құнды сыйлықтар дайындаған. Байқау қорытындылары жайлы, сондай-ақ барлық қажетті ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://pollie.app/polls/ilovecitynursultan-641a706e-a700-4a90-ae57-fe0606330601/votes/new.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *