ИЕСІЗ ЖЕЛІЛЕР ҚАЛА ТЕҢГЕРІМІНЕ БЕРІЛЕДІ

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесуде тұрғындардың электр іркілістері туралы сұрақтарына жауап берді.
«Барлық иесiз желілер коммуналдық меншікке өтеді. Сегіз ауданның алтауында жұмыс аяқталды, екеуінде жұмыс істеп жатырмыз. Мұнда барлық мәселелер сот арқылы шешіледі», — деді әкім Б.Сағынтаев.
Жалпы, бүгінгі таңда 544 иесiз электр нысандары Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен қала балансына берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

Иесiз электр желілерін қалалық теңгерімге көшіру коммуналдық қызметтерге төтенше жағдайларда тез әрекет етуге және  коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетіп, оны  жалпықалалық  өлшеммен  теңестіруге  мүмкіндік береді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *