ХОККЕЙ АҢЫЗДАРЫ

Қазақстандық хоккей тарихында алғаш рет Медеу мұз айдынында шайбалы хоккейден «Қысқы классика» ресми кездесулері өтеді

Нұрлан СҮЙІН

Медеуде шайбалы хоккей. Аты аңызға айналған мұз айдынындағы хоккей мерекесі спорттың дамуына қосылған тағы бір қадам болмақ. Мүмкін жаппай сырғанауды ұната­тындарға Медеуде мұз айдынының бестен бір бөлігін ғана алатын хоккей қорабының болуы біртүрлі  көрінер, бірақ бұл «Қысқы классика» деген спорт мерекесі болмақ.

11–15 ақпанда Медеу әр жастағы хоккейшілерді қабылдайды: мұз айдынында ҚР Жастар хоккей лига­сының «Жастар» тұрақты чемпиона­тының матчы өтеді, әуесқой коман­далар арасында Алматы хоккей лига­сының кезекті ойындары («А» және «Б» дивизиондары) және Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан хоккей клубтарының арасындағы Халық­ара­лық балалар мен жасөспірімдер тур­нирі өтеді, Медеудедегі мерекеге Алма­ты, Нұр-Сұлтан, Мәскеу қалала­рының әуесқой командалары қатысады.

Бағдарламаның басты оқиғасы – «Аңыздар матчы». Медеу кешені Олим­пиада чемпиондарын қарсы алады.

15 ақпанда сағат 13.00-ден 13.40-ға дейін кеңес хоккейінің аңыздары қолтаңба-сессиясын өткізеді.

Ал 13.45-те «Легенды хоккея» мен Қазақстанның ардагерлер құрамасы арасындағы матчтың басталуына шақыратын төрешілер ысқырығы естілмекші.

Мұз айдынына қонақтар құрама­сында Сергей Макаров, Алексей Гуса­рев, Алексей Жамнов, Алексей Касатонов, Сергей Немчинов сынды атақты хоккейшілер шығады. «Қа­зақстан хоккей ардагерлері» коман­дасы үшін Алексей Федорченко, Игорь Дорохин, Олег Болякин, Георгий Мусатаев, Ольга Потапова, Сергей Шахворостов және басқалары ойнамақшы.

Тарихқа көз жүгіртсек,  1946 жылы Бүкілодақтық Денешынықтыру және спорт комитеті шайбалы хоккей бойынша КСРО бірінші чемпионатын өткізу туралы шешім қабылдады және спорттың бұл түрі ел ішінде кеңінен тарай бастады. Қазақ КСР-інде хок­кей Алматы, Өскемен, Орал, Қара­ғанды және Петропавл қалаларында дами бастады, ал алғашқы ресми жарыстар 1957 жылы Алматыда өтті.

Аға буын өкілдеріне хоккейшілер шатырдың астында емес, ашық аспан астында, мұз сарайларының жарық­диод­ты шамдарының астында емес, күн сәулесінің және қуатты спорт жарығының астында ойнаған кезге қайта оралу қызықты болады.

«Қысқы классика» форматындағы ойындар таңертеңнен кешке дейін, бес қысқы күнде өтпекші, Медеуде  спорт­шылардың  түрлі буын ұрпақ­тары кездесетін торабы болмақ.

Алғашқы шеберлер команда­сының бұрынғы ойыншысы, шайбалы хоккейден ҚР жастар қыздар құрама­сының жаттықтырушысы Александр Сидоренко 1971 жылы Алматыға Новосібірден қалай келгенін және кейін «Еңбек» деп атын өзгерткен бірінші «Автомобилист» команда­сында ойнағанын еске алады.

– 70-жылдардың ортасында спорт сарайы мұзсыз қалып, біз жан-жаққа тарап кеттік. Сол жетпісінші жыл­дардың соңында КСРО жастар құра­масына жаттықтырған Юрий Нико­лаевич Баулин Қазақстан чемпион­дарын жинады. Филиппов, Леонов, Селедков, Старыгин, Федорченко Одақтың жастар құрамасына кірді, ал біздің ойыншылар буыны 30-дан асып кетсек де мезгіл-мезгіл алматылық команда үшін өнер көрсеттік.

Алматылықтар шайбалы хоккейді сағынып қалғаны белгілі. «Қысқы классика» форматы қысқа уақытқа болса да  бізді хоккейдің  ашық алаңдарда ойналған жылдарына қайта алып келмек.

Спорттық  іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің, республикалық және қалалық хоккей федерациясының, «MEDEY MYZ AІDYNY», «HOCKEY WORLD», «Kіmex & Grazіа», «Рахым­жан» сауда желісінің қолдауымен өтеді.

«Аңыздар кездесуіне» билеттер ересектер үшін 1000 теңге  және балалар үшін 500 теңгеден сатылады.

Балалар турниріне қатысушы­лардың құрамы:

«Алға» – Бішкек

«Бинокор» – Ташкент

«Рақымжан» – Алматы

«Медведи» – Алматы

«Стрижи» – Алматы

«Торнадо» – Шымкент

Әуесқой командалар турниріне қатысушылардың құрамы:

«Зверобои» – Мәскеу

«АЛХЛ» – Астана

«Рақымжан» – Алматы

Алматы қаласы құрамасы.

Іс-шаралар бағдарламасы және сайтта билеттерді сату туралы ақпарат www.medey.іnfo сайтында.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *