«ХАН – 550» ФЕРМЕНТІ

Ұлы дала халқының жасын ұзартады

 

99«Балалардың ойлау қабілеті неге нашар? Ол неге байланысты?». Бір кездері мектеп оқушыларына физика пәнінен сабақ берген ұстаз Базар Ұзабаевты осы сауал жиі мазалайды. Ақыры 15 жылдық ізденістен кейін ол өзін ұзақ төңіректеген сауалға жауап тауып қана қоймайды, ғылыми жаңалық ашып, жаңа құрылғы ойлап табады. Бүгінде Базар Қасымжанұлы – «Қазақ ғажабы» деген тауар белгісімен 32 түрлі биоұн және биожарма шығаратын алматылық кәсіпкер.

Қыркүйек айында бұл тауар «Сапалы инновация – 2015» халықаралық байқауының ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы болды.

3Алматылықтардың арасында резонанс тудырған өнімнің авторы Базар Ұзабаевпен сұхбаттың орайы келген еді.

–       Базар Қасымжанұлы, бізді алдымен «оқушылардың ойлау қабілеті неге төмен?» деген сауал қызықтырып отыр.

–       Ғылыми зерттеулердің тұжырымдамасына қарасақ, ойлау қабілеті – йодқа байланысты. Статистикалық дерек бойынша жапон халқы күніне 1500 миллиграмм йод тұтынады. Америка халқы 800-1000 миллиграмм тұтынады, ал Еуропа халқы 700-800 микрограмм жейді. Қазақтар 60 микрограмм ғана жейміз. Көрдіңіз бе, біздің тағамдардағы йод жетіспеушілік бірден білініп тұр. Тағы да сол зерттеулер йодтың дәнді дақылдарда көп екендігін көрсетеді. Бірақ, солардың ішіндегі бидайдың құрамында ғана йод аз. Ал арпа, жүгері, сұлы, асбұршақ, үрмебұршақ құрамында йод жеткілікті. Қазба ретінде йод Украина мен Чилиде көп шығады. Күнделікті тағамға қосып жүрген йодталған тұз, йодомарин дегендердің бәрі – химиялық қоспа. Дүниежүзілік денсаулық 2сақтау ұйымының мәліметі бойынша, мұндай қоспаны көп тұтынатын болса, оның ауру қоздырғыш қасиеті бар. Мәскеудің осы төңіректе зерттеу жасап жүрген ғалымдарымен сөй­лескенмін. Дәнді дақылдарда болатын органикалық йодты адам қанша тұтынса да, оны ағза өзі реттеп отырады дейді ғалымдар. Йодтың кішкене жылу сезсе, ұшып кететін ұшқыш элемент екені тағы бар. Ал қыздырып, өңдеу жаса­ғанда, өнімдегі йод мүлде қалмай қалатыны анық. Сондықтан мен бұл әдісті қолданбай өнім шығару­ды мақсат етіп қойдым. Осы жолда 10 жылдай іздендім. Мысал ретінде алайық, таңертеңгілік 10-15 минутта дайын болатын ботқа жеп жүрміз. Басым көпшілігі Ресейден келген. Академик Углев және өзге де ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, отта 10-15 минут піскен ботқаның құрамындағы пайдалы дәру­мендердің 70 пайызы өледі. Қарақұмықты да пайдалы деп жеп жүрміз. Бірақ, оны пісіргенде көп дәрумендерді жойып жіберетінімізді білмейміз. Сондықтан біз қайнатпай, пісірмей сүт, айран, сорпа, шәй, шырын немесе таза суға ғана араластырып, таңғы асқа жеп кететін пайдалы әрі сіңімді жарма шығаруды қолға алдық.

–       Сіздің жармаңыз несімен пайдалы? Неліктен «сіңімді» деген сөзге екпін түсіріп айттыңыз?

–       Бүгінде әлем елдері­нің экономикалық дамуына қарамастан, қауіпсіз әрі сапалы тамақтану 1мәселесі өткір проблема болып отыр. Құрамында нәрлі заттар өте аз астық тұқымдас өнімдермен жиі тамақтану – семіздік пен қант диабетіне әкеледі. Тамақ­танудың өз­ге­ріске ұшырауы, эко­логияның нашар­лауы, қауіпті тамақ қоспаларының шығуы аллергиямен ауыратындардың санын көбей­туде. Экс­перт­тердің айтуынша, әлемде 220-520 миллион адам түрлі аллергиямен ауырады. Бүкіл ғұмырында адам баласы 60 тоннадай түрлі азық-түлікпен тамақтанады екен. Сонда орташа есеппен үш жылын тамақтануға арнайтын көрінеді. 70 жылдық ғұмырында адам ішегіне 17 келіге дейін метаболит, дәрі, тұз, ауыр металл сынды токсин жинап алады. Ал токсин қанға, одан кейін клеткаға шабуыл жасайды. Ағзадағы тамақтың толық қорытылмай, шіріген бактериялардың көбеюінен адамдар жағымсыз иіс шығарады. Осы шіріген бактериялар токсинге айналып, түрлі аурулар ағзаның қартаюына алып келеді. Ал асқазанда тамақ сіңіретін сөл, яғни, фермент көп болса, ол адамның қаны да таза болады. Қан таза болған жағдайда адамның дені де сау деген сөз.

Америка, Германия, Оңтүстік Корея ғалымдары көптен бері фермент пен оның адам ағзасына әсерін зерттеуде. Егер ішкен тамақтың 80-90 пайызына дейін сіңіп, ағзада шіріген зат болмаса, ор­таша өмір сүру жасы – 150 жас болу керек дейді кәріс ғалым­дары. Гип­по­краттың «Дәрі адам­ға тамақ бол­мауы үшін, та­мақ адамға дәрі болуы керек» деген сөзі біздің басты ұстанымымыз. Жарма мен ұнды біз менің ойлап тапқан технологиямның көмегімен аламыз. Әрі оны ферментпен байытамыз.  Мен ол ферментті «Хан –550» деп атадым.  Өйткені, бұл ферменттердің атасы болғалы тұр. Егер осы ферментті Ұлы даланың халқы үнемі қолданар болса, онда олардың орташа өмір сүру жасы – 10 пайызға артар еді. Бұл нағыз ноу-хау болып тұр. Өйткені, жаңа құрылғы ферментатор «Хан-550» аппараты бірінші рет Қазақстанда жасалып отыр.

Жақында ғана 1-арнадан «Аналитика» бағдарламасын көрдім. Антибиотиктердің денсаулыққа кері әсерін айтып, ғалымдар дабыл қағуда. Болашақ­та осы табиғи фермент­тер солардың орнына қол­данылуы әбден мүмкін дейді. Ал Оңтүстік Корея мұны іс жүзінде жүзеге асыруда.

Біздің биожарма мен биоұн диареяны тоқтатып, адам ағза­сы үшін өте қауіпті шіріген бактерия­ларды жояды, ішкі ағзалардың жұмысын қалыпқа келтіреді, тамақ­­­­тың 100 пайыз сіңірі­луін жақсартады, ағзаны шлактардан тазартып, қант диабеті, артық салмақ, гипертония­дан арылтады. Біз мұны өнімді клини­калық тексерістен өткізгеннен кейін батыл түрде айтып отырмыз. Тіпті, қарапайым алматы­лықтардың өзі біздің ұнымыз бен жармамызға өз араларында жарнама жасап жүр. Нарықта өте үлкен сұраныс болатынына көзіміз жетті. Дегенмен, бізге ғылыми тұжырымдама керек. Оны Белорусь елінің ғалымдары жасап бермекші. Қазір біз осы елмен біріккен кәсіпорын құру үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

–       «Ұлы даланың халқы осы өнімді үнемі қолданар болса…» деп айтып қалдыңыз. Алдағы уақытқа жос­парларыңыз қандай?

–       Біз қазір 32 түрлі дәнді дақылдан жарма, ұн алып жатырмыз. Дәнді дақылдардың ешқайсысының қабығын алмаймыз. Витаминнің мол қоры осы қабығы мен өнетін дәнегінде. Құранда тамақтанудың он түрлі мәдениеті жазылған ғой. Пайғамбарымыз (с.а.с)  жолдасы Айшаға (р.а)  арпаның қабығын алуға рұқсат етпеген. Ол Құранның 52-сүресінде жазулы тұр.

Біз пайдалы ұн мен жарма алу үшін де «Экструзия» станогын өзіміз ойлап таптық. Мысалы, халық жиі тұтынатын жоғарғы сортты ұн – пайдасыз ұн. Одан піскен ақ нан асқазанға түскенде екі молекулалы майға айналады. Сондықтан ақ нан семіртеді.

Адам ағзасында дәрінің орнын алмастыратын нәрсенің бірі – алма. Алмада пектин деген нәрсе бар. Ол 35 пайызға жүрек ұстамасын тоқтатады. Қант диабетін болдырмайды. Лас ауаны өкпеге жібермейді. Мұны ғылым баяғыда дәлелдеп қойған. Ал енді біз соны өндіріске шығарып отырмыз. «Денсаулығым мықты болсын» деген адам күніне бір келі алма жеуі керек. Ол күнделікті мүмкін емес қой. Ал біз алмадан ұн алып отырмыз. Соны барлық жармамызға қосамыз. Сонда күнделікті екі ас қасықпен біздің жармамызды жеу бір келі алма жегенмен тең болады.

Біздің жарма мен ұнды тұтынушылар «айналайын, балам, асқазанымыздың қыжылы басылды» деп келіп жатады. Қазір екінің бірінде іш қату мәселесі бар. Одан да айығып жатыр. Күнделікті осы «Көк базардағы» жалғыз нүктемізде тұтынушыларымыз кезекте тұрады.

Біздің жарма дүкен сөрелерінде тұрған шет елдің, Ресейдің жармаларынан құны екі есе арзан. Қалтаңызды ғана емес, уақыт пен электр энергиясын да үнемдейсіз. Қажет болса, суға аздап қосып, коктейль жасап ішуге болады.

Біздің шығаратын жүгері мен кебектің ұнынан «Боралдай-нан» зауыты қазір нан пісіріп жатыр. Ұсыныс өте көп. Астанада өтетін ЭКСПО-дан да ұсыныс алдық. Санкт-Петербург, Мәскеуден де түсіп жатыр. «Ақсай» нан зауыты бізден күніне 2 тонна ұн сұрайды. Бірақ, біз әзірге үлкен фирмалармен жұмыс істей алмай отырмыз. Өйткені, өндірістік қуатымыз аз.

Алдағы уақытта өзіміз нан пісіруге дайындалудамыз. Витаминдердің патшасы – «С» витамині. Ол итмұрында лимонмен салыстырғанда 50 есе, басқа дәнді дақылдардан 200 есе артық. Долана, шырғанақ дегеннің бәрін Алла Тағала осы Алатаудың етегінде өсіріп қойған ғой. Соны жинап алып, халыққа ферменттелген ұн жасап бермекшіміз.

Қаңтар айында дәл осы тауармен Хельсинкиде өтетін халықаралық байқауға қатыспақ­шымыз. Соған дайындық үстіндеміз.

– Сұхбатыңызға рахмет!

 

Сұхбаттасқан – Әсел ДАҒЖАН.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *