ХАЛЫҚ ӨЗ ТАҢДАУЫН ДҰРЫС ЖАСАДЫ

«Nur Otan»  партиясының Алматы қалалық штабында «Мирас» қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында 9 маусымда мемлекетіміздің жаңа басшысының сайлануы бүкіл әлемнің назарын аударған ұлы оқиға ретінде бағаланғаны атап өтілді.

Жиынды ашып, жүргізген қоғам­дық кеңес төрағасы, белгілі ғалым, академик Уәлихан Қалижанов сай­лауда бақ сынас­қан кандидат­тардың барлығы да елге танымал, тәжіри­белері мол азаматтар екенін айта келіп, халық өз таңдауын жасаға­нына тоқталды.

–     Бұл көрсеткіш сайлауда озып шыққан абыройлы тұлғаға берілген әділ баға. Мен Қасым-Жомарт То­қаевты жақсы білемін. Тәуелсіз­діктің алғашқы жылдары Үкіметте, Парламентте қанаттаса еңбек еттік. Ол бір сындарлы сәттер еді. Елба­сы­мыздың ең сенімді серігі ретінде Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Қазақ­станның қалыптасуы мен дамуына ерекше еңбек сіңірді, жоғары лауазымды қызметтерде халықаралық қауымдастыққа жақсы танылды, – деді Уәлихан Қалижанов.

Өз сөзінде «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасы­ның орынба­сары Арман Халбеков руха­нияттың орталы­ғына айналған Алматы тұрғындары да Президенттік сайлауда азаматтық белсен­ділік пен жоғары ұйымшылдық көрсет­кенін айтып өтті.

Жиында белгілі педагог, Қазақ­стан­ның Еңбек Ері Аягүл Миразова, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанар­бек Әшімжан, аудармашы-әдебиетші, Алматы қала­лық ҚХА мүшесі Светлана Ананьева, тарих ғылымының докторы Георгий Кан сайлаудың кең көлемде әділ өткенін, халықтың өз келешегі үшін дұрыс таңдау жасағанын баяндады.

 

А.ИМАНӘЛІ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *