Халықтың техникалық сауаттылығын арттыру маңызды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарла­масы аясында Әуезов ауданында ор­наласқан мектептердің оқушылары арасында «ХХІ ғасыр – Цифрлы Қазақстан» атты конфе­ренция өтті. Онда еліміздегі жаңа технологиялардың бүгінгі жағдайы, саяси, әлеуметтік, экономикалық жаңғыру проце­сінің міндеттері, білім жүйесін цифрландыру секілді бірқатар мәселелер көтерілді.

Жиналған жұртшылық бір ауыздан еліміз цифрлы экономикаға қол жеткізу үшін алдымен, халықтың техникалық сауаттылығын көтеру керек дегенге тоқ­тады. Әуезов ауданында орналасқан мек­тептердің 9-сынып оқушылары қатысқан конференцияда Қ.Әбсәметов атындағы орта мектеп оқушысы Әсет Әсемнің «ҚР-ның қазіргі инновациялық даму жағдайы» атты баяндамасы озық деп танылды. Шараға қатысқан оқушылардың барлы­ғына Алғыс хат беріліп, оқу төлем ақысына 20 пайыздық жеңілдігі бар сертификат табысталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *