ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІСІ

Әуелде Саховты ойнаудан бас тартпақшы болыпты

Қайран, Владимир Этуш!

97 жасында Ресейдің халық артисі өмірден озды. Соның алдында ғана жары Елена екеуі некеге тұрған күнін атап өткен еді. Бұдан екі ай бұрын В.Этуш 96 жасында Вахтангов сахнасында «Бене­фис» спектак­лінде ойнап еді. Этуш София Иванова деген әйелдің рөлінде ойнады. Жұрт спек­такльге ағылды. Әрине, Этуш ойнайтын болған соң ғой. Әрине, оның сахнаға шыққан әр сәті азап екенін біреу білді, бірақ біреу білмеді. Ол өзін өте жайсыз сезінді. Аталмыш спектакльде негізінен креслода отырып ойнағанымен, көбіне үйде жаттығуға тура келетін. Спектакль актердің денсаулығына орай талай мәрте кейінге шегерілді. Ақыр соңында актердің өзі рөлден бас тартты.

Этуштің өзі өмірге екі рет келгенмін деп қалжыңдайды. Бірде әке-шешесі оны әскерге алып кетпесін деп 1923 жылы туған деп жаздырған. Ал негізінен 1922 жылы туған. Алайда, ол бәрібір әскерге алынып, майданның ортасынан бір-ақ шығады. 1943 жылы қатты жара­ланып, еліне оралады. Ол Вахтангов театрында 75 жыл қызмет етті.

Алайда, оның кинодағы рөлдері аңыз болып қалды. Соғыстан ауыр жараланып қайтқан оның осынша жасқа келуінде де өнердің ықпалы зор деседі. Оның үстіне кілең халықтың жанына жақын персо­наждар. Қара­ңызшы, басқасын былай қойғанда, бір ғана «Кавказ тұтқынындағы» Саховты қалай ұмытасыз!? Ол тіпті осы бір бейненің өзімен-ақ ел есінде қалған болар еді. Әуелде актер бұл рөлден бас тартпақ болған көрінеді. Ал енді Саховты жұрт бүгінде Этушсыз елестете алмайды. Әуелде оған бір «шығыстық рөлдерді» ұсынбақ болған. Бірақ ол оған келіңкіремеген. Алайда, Сахов оның өнердегі жолын ашқан кейіпкер болды. Әсіресе, оның түсіру кезіндегі сөздері халықтың ұғымына бірден сіңіп, өз сөзіне айналып кетті. Оның достары «Мына фильмнен кейін Кавказға барып та қажеті жоқ, оны Мәскеуде-ақ өлтіре салар еді» деп қылжақтайтын. Ол өзінің естелігінде «Елдің бәрі менің рөліме үлкен түсініс­тікпен қарады. Грузиндер мені армянды ойнады десе, армяндар грузинді ойнады деп түсінді. Әзербайжандар да оған басқаша кавказдықтың көзімен қарады. Мен бәрібір халықтың сүйіктісін, көңілін­дегі кейіпкерді ойнадым» деп жазды. Қалай болғанда да оның кавказ­дықтармен кездесуі өте сәтті жағдайда өтті. Бұл оның зор, табиғи талантының арқасы еді.

Біздің Қоңқай болып сахнаға шық­қанда жұрт күле беретін Серке тәрізді ғой.

 

Қ.ИМАН.   

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *