ХАЛЫҚТАН ЖАСЫРАТЫН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ

Енді полиция ғимараты алдынан фронт-кеңселер ашылады

Алматыда полиция ғима­раттарының алдындағы биік қоршаулар түгелімен алы­нып тасталатын болды. Енді оның орнына полицей­лер халыққа жақын болу үшін фронт-кеңселер аша­ды. Осы­­лайша тәртіп сақ­шы­лары Алматыдағы Қоғам­дық ке­ңестің ұсынысына құлақ түргенді жөн санаған екен.

Серік ЖҰМАБАЕВ

Бұған дейін халықты қорғауы тиіс сақшылар биік қоршау­лармен оқшаула­нып, қарулы күзетпен жұмыс істеп келген бо­латын. Алайда, қалалық Қоғам­дық кеңес мүшелері өткенде полицейлер жұмысын қатаң сынға алып, қарапайым халық ондағы биік қоршаулардан кіре алмай­тынын жеткізген болатын. Сондықтан олар полиция бөлімшелерінің есігі үнемі ашық тұруын алға тартқан еді.

Қалалық ІІД баспасөз қызме­тінің хабарлауынша, енді бар­лық аудан­дық ішкі істер бас­қармасының алдын­дағы қасбет­тік қоршаулар түгел алынады. Бұл халықпен жұ­мысты жақсарту мақсатында қоғам­дық кеңестің ұсынысымен жасалып отыр. Қор­шаулардың орнына ыңғай­лы, әйнектен жасалған кеңес бере­тін кеңселер орнала­сады.

Қалалық ІІД мәліметінше, фронт-кеңселер барлық мекен-жай бойын­ша келушілерге қо­лай­лы болмақ. Онда келу­ші­лерге арналған кеңсе­лерде кеңес­шілері бар заманауи қа­был­дау бөлмесі, сондай-ақ қыл­мыстық және әкімшілік поли­цияның кезекші бөлімшелерінің қызметкер­лері отырады. Аза­мат­тар сұрақтарын қойып, тиісті жауабын ала алады. Сонымен қатар, күту залы, заманауи дә­ретханалар болады. Егер келу­шінің кез-келген қызметкердің жұмы­сы туралы шағымдары болса, Жеке қауіпсіздік басқар­масына хабарласа алады.

Айта кетейік, осы аптадан бас­тап Қо­ғам­дық кеңестің нұс­қаулығымен Алматыда 102 қыз­меті операторла­рының саны екі есеге артып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *