ХАЛЫҚ БИЛІКТЕН АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ,

ҚР Президент аппараты әкімшілігінің басшысы:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазір бастысы – халық пен билік арасындағы диалог. Сіздер жақсы білесіздер, Ғабидолла Әбдірахымов ел билігі тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Өкінішке қарай, ол соны жеткілікті түрде түсіне алмады.

Ол Түркістанды қайта жаңғырту, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанда, халық биліктің көмегіне зәру болғанда, Әбдірахымовтың әр қадамы БАҚ беттері мен желіде, ғаламторда көрініс тауып отырды.

Ондай әрекет Мемлекет басшысы қойып отырған талаптарға сай келмейді және биліктің беделін төмендетеді. Қазір Әбдірахымовқа деген сенім жоғалды.

Халық биліктен адал қызмет етуді талап етеді. Өңірдің басшылары халыққа адал қызмет етуді және өздерін қалай ұстауды білуі керек.

(KAZ.NUR.KZ)

Р.S. «Семіздікті қой ғана көтереді». Әр тұста тауып айтатын қазекемнің осы бір сөзінің де жаны сірі екен. Бүгінде кейбір кердең­деп кеткен шенеуніктердің өмірін әлі күнге осы сөз өрнектейтіні өкінішті. Ол аз десеңіз, америкалық философ Э.Эбби «Әрбір шынайы патриот елін шенеуніктерден қорғау керек» десе, шотландық жазушы Н.Дуглас «Шенеунікке сенімсіздік білдіру – әр адамның азаматтық борышы» депті. Қырымбек Елеуұлы айтқандай, қайсыбір күні Мемлекет басшысының Жарлығымен бір ірі шенеунікке деген халықтың сенімі жоғалды. Халық пікірімен санасып отырудың осындай батыл шешімдер қабылдауға негіз болары хақ.     

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *