Халықаралық заманауи музыка фестивалі өтеді

2–5 сәуір аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерва­ториясында «Рухани жаңғыру» бағдарла­масы аясында Халықаралық заманауи музыка фестивалі болады.

Бұл іс-шара Қазақстандағы заманауи музыканың бірегей фестивалі болып табылады. Фестиваль қонақтары – композиторлар Тристан Мюрай (Фран­ция) мен Клаус Ланг (Австрия), флейта­шы Марио Кароли (Италия), скрипкашы Владислав Песин (Ресей), «Nіkel» (Израиль) шығармашылық ұжымы, дирижер Федор Леднев (Ресей), «Игеру» шығармашылық ұжымы (Қазақстан) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі. Фестиваль барысында талғам­паз тыңдарман назарына ауқымды кон­церттік бағдарлама ұсынылады. Ізгі шара аясында 12 қазақстандық және 4 әлемдік деңгейдегі музыкалық шығар­маның тұсаукесері болады. Сондай-ақ, шақы­рылған шетелдік қонақтар мен қазақ­стандық музыканттардың шебер­лік сабақтары өткізіледі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close