ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЖЕМІСТІ ЖЫЛДАР

Ұлттық әуе тасымалдаушы «Эйр Астана» компаниясы өзінің 17 жылдығын атап өтті

«Эйр Астана» халықаралық әуе тасымалын атқаратын бірден-бір қазақстандық  компания. Он жеті жылда «Эйр Астананың» жолаушы тасымалы мен қызмет көрсетуде жоғарғы деңгейдегі беделі қалыптасты. Ұшуларды бастағаннан бері әуе компаниясы  44 миллионға жуық жолаушыны тасымалдады және 493 мың рейс орындады.

 Нұрлан СҮЙІН

«Эйр Астана» Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2001 жылы құрылған болатын және алғашқы рейс 2002 жылғы 15 мамырда орындалды. Компанияны құруға ҚР Өкіметі мен BAE Systems компаниясы әрқайсысы 1,2 млрд. АҚШ доллардан салған және 5000 астам жұмыс орны құрылған.

«Эйр Астананың» 17-жылдығын «FlyArystan» бюджеттік бөлімшесінің рейстерін іске қосуымен белгіледі.  Тұңғыш рейстерін отандық лоукостер 1 мамырдан Алматыдан елордаға және Таразға бастады. Сондай-ақ, «FlyArystan»  әуе компаниясы Қарағанды, Орал, Павлодар және Шымкент қалаларына қатынайды.

Үстіміздегі жылы «Эйр Астананың» әуепаркі Embraer 190 E-2 екінші ұшағымен толықты. Қалған үш әуе кемесі жылдың соңына дейін келу тиіс. Әуелайнер Қазақстан бойынша және Ресейге, Орталық Азияға, Кавказға, Украинаға және Қытайдың Үрімші қаласына рейстер орындайды.

Сәуірден бастап «Эйр Астана» Алматыдан Ташкентке 3 қосымша рейсті, ал Нұр-Сұлтаннан 2 рейсті енгізді. Сол айдан бастап «Эйр Астана» Стамбұлға ұшып келетін және ұшып шығатын рейстерді жаңа әуежайға көшірді.

Одан басқа, шет елде ab-іnіtіo ұшқыштарды даярлау бағдарламасы жалғасып келеді. Бастаманың құрылғаннан бері 11 жыл ішінде әуе компания 200 астам жас қазақстандықтарды оқытып, ұшқыш ретінде жұмысқа қабылдаған. Осы жылы әуетасымалдаушы Patrіa Flіght Traіnіng Academy (Тампере қаласы, Финляндия) ұшу мектебімен ынтымақтастық туралы шарт жасады.

2019 жылы «Эйр Астана» TrіpAdvіsor дүниежүзілік саяхаттар сайтының Travellers’ Choіce Awards 2019 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» санатының және «Азиядағы жолаушы жайлылығы» санатының жеңімпазы деп атанды.

 

Керек дерек:

 

«Эйр Астана» «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының және BAE Systems компаниясының 51% және 49% тиісті үлестері бар бірлескен кәсіпорны болып табылады.  Тұрақты рейстерді 2002 жылдың 15 мамырында орындай бастады және 60 астам халықаралық және ішкі бағыттарында ұшады. «Эйр Астана» компаниялар тобының әуе флоты Boeіng 767/757, Aіrbus A320/А321 және Embraer E190 34 ұшағынан тұрады. «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі тасымалдаушылардың арасында Skytrax халықаралық агенттігінің 2012 жылы беделді 4 жұлдызды рейтингін және «Орталық Азиядағы және Үндістандағы ең үздің әуе компания» сыйлығының 7 дүркін лауреаты.  «Эйр Астана» trіpadvіsor сайтының travelers’ choіce awards 2018-2019 сыйлығының  «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» cанатының екі дүркін жеңімпазы атанды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *