Халықаралық сарапшылар БАҚ өкілдерімен кездесті

«Қазақстан» қонақ үйінде орналасқан Халықаралық байқаушыларға қызмет көрсету орталығында АҚШ-тан арнайы келген Ходсон әскери-саяси сараптау орталығының директоры, аға ғылыми қызметкер, «Валдай» халықаралық дискуссия клубының сарапшысы Ричард Вайц бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.
— Жалпы, Қазақстанда бірінші рет болып тұрғаным жоқ, осымен бесінші мәрте тәуелсіз бақылаушы ретінде келіп отырмын. Біз АҚШ-тан алты кісі болып келдік, жеті бірдей сайлау учаскесінде болдық. Сайлаушылардың белсенділігі ұнап отыр.
Мен ешқандай заң бұзушылықты байқаған жоқпын. Ал егер анау-мынау оқиғалар орын алып жатса, ол демократиялық елдердің бәріне тән үрдіс. Маған сайлау жұмысы ұнады. Кешке дейін әлі уақыт бар, болған учаскеміздің санын онға жеткізсем деймін. Сол жердегі дауыс санауға да қатысамын, — деді тәуелсіз халықаралық сарапшы.
Осыдан соң сөз кезегін Белоруссия мен Ресей Одағы Парламенттік жиналысы тәуелсіз бақылаушылар ұйымдарының өкілдері Евгений Адаменко мен Елена Афанасьева алып, өздерінің отызға жуық сайлау учаскелерінде болғанын мәлім етті.
-Әсіресе, жастардың белсенділігіне қуандық. Өйткені, ертеңгі мемлекеттің тізгіні сол жастардың қолында ғой. Кезекте тұрған қария кісілердің де, жастардың да жүзінен ертеңгі күнге деген сенім байқалады. Яғни, ол сайлаушы дұрыс таңдау жасаған деген сөз. Сіздер бүгінгі жасаған таңдауларыңызды ертеңгі келешектеріңіз үшін жасап отырсыздар, — деді Халықаралық бақылаушылар.
Сондай-ақ, Халықаралық тәуелсіз бақылаушылар Рареш Триф пен
Ионаш — Флорин Уркан өздерінің Ұлттық кітапхана, мектеп пен университеттерде орналасқан сайлау учаскелерінде болғанын айтып, өз әсерлерімен бөлісті.
«Таңертеңгі уақытта 20 — 30 пайызға жуық сайлаушыларды көрдік. Бұл жақсы көрсеткіш. Қала халқының дені демалыс күні болғандықтан, демалып, асықпай келеді. Түске қарай келушілер санының бұдан да көбейе түскені анық. Сайлау учаскелерінен қандай да бір құқық бұзушылықты байқамадық. Тек бір әйел кісінің басқа учаскемен шатастырып келгенін ғана көрдік. Бұрынғы мекен-жайы бойынша келгендіктен, үйреніп қалған мекен-жайға дауыс бергісі келгенін аңғардық. Сосын бізді бір қуантқаны — жастардың белсенділігі. Таңертең жастар көптеп келіп еді, түс ауа да кезекте жастар ғана тұрды», — дейді бақылаушылар.
Рая ЕСКЕНДІР.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *