Халықаралық «Мирас» мектебі 20 жылдығын атап өтуде

Қала әкімі Б. Сағынтаев Алматыдағы Халықаралық «Мирас» мектебінің басшылығы мен педагогикалық ұжымын білім ошағының 20 жылдығымен құттықтады.

Мерекелік шара аясында STEM-жобалар көрмесі, «Мирас менің жүрегімде» фотокөрмеcі, көркемөнер көрмесі ұйымдастырылды. Студенттер, мектеп түлектері мен оқытушылар мерекелік концерт ұйымдастырды. «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорының» директоры Динара Құлыбаева, ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова, халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы дипломатиялық миссияның және басқалардың өкілдері концерттің құрметті қонақтары болды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтау сөзінде қор басшыларының, барлық педагогикалық ұжымның тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесін дамытуға қосқан ауқымды үлестерін атап өтті.
«Бүгінгі күні отандық білім жүйесінің мекемелеріне үздік шетелдік практика мен халықаралық білім стандарттарын интеграциялау жөніндегі «Мирас» мектебінің тәжірибесі кеңінен енгізілуде. Біз сіздердің үлгілеріңіз бойынша оқу-әдістемелік шараларды дамытатын боламыз», — деді қала әкімі Б. Сағынтаев.
Алматы қаласының халықаралық «Мирас» мектебі 1999 жылы «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорының» қолдауымен ашылған еді.
Мектеп Халықаралық бакалавриаттың барлық үш бағдарламасын толық игерген. Мұнда білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары мен халықаралық білім бағдарламалары талаптарын ескере отырып, мектеп жасына дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бойынша дербес әзірленген оқу бағдарламалары жүзеге асуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *